Тікелей эфир

Тұрғын үйге қолжетімділік рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінде 35-орынды иеленді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Елде жаңа пәтерлер бір жыл ішінде сегіз пайызға қымбаттады.

Тұрғын үйге қолжетімділік, яғни жылжымайтын мүлік бағасы мен халық табысының ең төменгі коэффициенті бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан 109 орынның ішінен 35-ші орынға ие болды. Елдің индексі 9,63 құрады (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы). Бұл туралы finprom.kz сарапшылары хабарлады.

Осы жылдың басында Қазақстан ЕАЭО-ның барлық елдерін, сондай-ақ оңтүстік көршісі Өзбекстанды басып оза алды. Рейтингті Сауд Арабиясы, Пуэрто-Рико және Оңтүстік Африка ашады, ал Сирия төменгі орында тұр.

2021 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР қала орталығындағы пәтерлердің арзандығы бойынша рейтингте 107-ден тоғызыншы орынды иеленді (шаршы метр үшін 950,88 АҚШ доллары), орталықтан тыс – 13-орын (шаршы метрі үшін 640,44 АҚШ доллары).

"Биылғы наурыз айында елімізде тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52,7 мың мәміле жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп. Өңірлік бөліністе ең көп мәмілелер Маңғыстау облысында жасалды. Көшбасшылар үштігіне сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматы да кірді", – дейді finprom.kz сарапшылары.


Оқи отырыңыз: ҚазҚСҒЗИ зерттеуі: Қазақстанда 20 жылда тұрғын үй бағасы 15 есе қымбаттады


Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ағымдағы жылдың наурыз айында жаңа тұрғын үйлердің (көп қабатты үйлердегі пәтер) орташа құны бір шаршы метр үшін 324,5 мың теңгені құрап, бір жылда 8,4 пайызға қымбаттады.

Еліміздің ірі қалалары арасында ең қымбат пәтерлер – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте. Ал ең арзаны – Таразда. Еліміздің барлық ірі қалаларында пәтерлердің бағасы өсті, тек Атырау, Семей және Ақтау қалаларында баға сол қалпы сақталған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жарты миллион адам пәтер кезегінде тұр. Баспана бағасы қашан арзандайды?


Қазақстанның риелторлар қауымдастығы жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның төмендеуін болжап отыр. Осы жаздың өзінде пәтерлер 10 пайызға арзандауы мүмкін. Сатушылар арасындағы алыпсатарлық зейнетақы төлемдерін қолдану арқылы жасалған операциялардың төмендеуі аясында аяқталады. Қазақстандықтар негізінен өздерінің зейнетақы жинақтарының артығын қолданыстағы ипотекалық несиелерді өтеу үшін пайдаланды.

Серіктестер жаңалықтары