Тікелей эфир

Төтенше жағдай режиміндегі Жеңіс мерекесі. Ел аймақтарында 75 жылдық қалай тойланып жатыр?

Фото astana.gov.kz сайтынан
Фото astana.gov.kz сайтынан
13 наурыздан бастап Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды. Бірақ бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге кедергі емес.

Төтенше жағдай режимі кезінде адамдардың көп жиналуына, бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды. Соған қарамастан қазақстандықтар 9 мамыр – Жеңіс күнін үйден шықпай да атап өтуге болатынын көрсетті.

Нұр-Сұлтанда #Мәңгілікалау, "Жаужүрек полкі" акциялары өтті

Нұр-Сұлтанда 8 мамыр 22.00-де #Мәңгілікалау ауқымды акциясы өттi. Елорда тұрғындары көпқабатты үйдің балконына шығып, смартфон жарығын қосты. Атамекен", "День победы", "Катюша" секілді патриоттық әндерді бірге шырқады. "Қазақстан темір жолы", ЭКСПО, "Барыс арена", "Қазмедиа орталығы" және т.б. ғимараттардың LED экранында бірлік пен батырлар рухына арналған мәңгілік алау бейнесі пайда болды.

Жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары батырлардың портретін ұстап шеруге шығатын. Биыл "Жаужүрек полкі" шарасы жаңа форматта Facebook және Instagram-да өтіп жатыр.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары профиль суретіне мерекелік логотип қойып, майданда қайтыс болған немесе соғыс кезінде өмірден өткен туыстары туралы мәлімет, ардагерлер туралы фото немесе видео хабарламаны жүктеуі қажет. Барлық ақпарат #Жаужрекполконлайн, #Нұр-Сұлтан, #Үйдебол, #2020 хэштегімен жарияланады.⠀

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Елорда әкімдігі мен мемлекеттік академиялық филармония Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аулаларына барып, әскери әндер шырқады.


Әкімдік сайтының хабарлауынша, қалада Ұлы Отан соғысының 44 ардагері бар. Олардың кейбірі үйінде болмағандықтан 34 ардагерді құттықтау жоспарланған.

Оқи отырыңыз: "Бұл – уақытша дүрбелең!" Президент төтенше жағдайға байланысты үндеу жолдады

Алматыда соғыс жылдарының әні айтылды

Алматы әкімдігі Абай атындағы опера және балет театрымен бірлесіп, соғыс жылдарындағы әндерді балконнан орындау флешмобын іске қосты.


Ақтауда терезелер безендірілді

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары үй терезелерін безендірді. Үй терезесін жеңіс тақырыбына сай безендіру эстафетасын оқу орнындағы орыс тілі кафедрасының мұғалімдері бастаған.

"Терезелерді жуып тазалаған едім. Кейін неге мерекеге орай безендірмеске деген идея келді. Қолда бар материалдан "Жеңіске 75 жыл" деп жазып, әйнектерге жабыстырдым", – дейді орыс тілі пәнінің мұғалімі Азима Суюналиева.



Алматы облысында жарық шамдарымен cөздер жазылып, әуе шары көтерілді

Жетісулықтардың 9 мамыр – Жеңіс күніне арнаған бейне құттықтаулары Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің ресми парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZhetysuPress (@zhetysupress)

Оқи отырыңыз: Түркістан легионерінің беймәлім сыры

Сондай-ақ, Талдықорғанда студенттер жатақханасының ғимаратында жарық шамдармен "75", "9" және "МАЙ" жазулары жазылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZhetysuPress (@zhetysupress)

Талдықорғандағы орталық "Жетісу" стадионында жарық шамдарымен "9 мамыр" деп жазылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZhetysuPress (@zhetysupress)


Талдықорғанда "Ұлы Жеңіске 75 жыл" деп жазылған әуе шары көкке көтерілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JETISÝ JASTARY (@zhetysu_zhastary)

Жамбылда ардагерлерді автокранмен балконға көтеріліп құттықтады

Жамбыл облысында волонтерлар автокран арқылы соғыс ардагерлері98 жастағы М. Бердібаев пен 94 жастағы М. Ережепбаевтың балкондарына дейін көтеріліп, ән айтып, оларға гүл шоқтарын сыйлады. ⠀

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары