Тікелей эфир

Түнгі ауысым. Жұмыстан кімдер босатылады?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Түнгі уақыттағы жұмыс болып кешкі сағат 22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт аралығындағы жұмыс есептеледі.

Жұмыс ерекшелігіне байланысты жұмыс беруші қызметкерге түнгі ауысым кезінде жұмыс істеуді жүктей алады. Бұл туралы жұмысқа қабылданар уақытта ескертіледі және оның шарттары еңбек келісімшартында жазылады. Дегенмен, түнгі ауысымдағы жұмыстар босатылатын азаматтардың санаты бар. ҚР Еңбек кодексінің 76-бабына сәйкес:

  • Кәмелет жасына толмаған жұмысшылар;
  • Жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдер түнгі ауысымдағы жұмыстан босатылады.

Ал мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлерді өздерінің жазбаша келісімімен ғана түнгі ауысымдағы жұмысқа жіберуге болады. Бұған қоса жұмыс медициналық қорытындыға сәйкес олардың денсаулығына зиянын тигізбеуі тиіс.

Еңбек кодексінің жоғарыда аталған бабында жұмыс беруші мына санаттағы жұмысшыларды жазбаша келісімсіз түнгі ауысымдағы жұмысқа шақыра алмайтыны да жазылған:

  • 7 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер және 7 жасқа дейінгі баланы анасынсыз тәрбиелеп жүрген басқа да тұлғалар;
  • 16 жасқа дейінгі ерекше баласы бар жұмысшылар.

Оқи отырыңыз: Жұмыстан кімді қысқартуға болмайды? Біле жүріңіз

Түнгі уақыттағы еңбек қалай төленеді?

Бұл сұраққа жауап ҚР Еңбек кодексінің 110-бабында берілген. Түнгі ауысымдағы жұмыстың әр сағатына, еңбек немесе ұжымдық келісімшартқа сай, көтерме еңбекақы төленеді. Оның көлемі жұмысшының күндізгі жұмыс сағаты ақысының 1,5 есе мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне тура келген кезде еңбекке ақы төлеу түнгі сағаттарға және мереке немесе демалыс күндерінің сағаттарына жеке жүргізіледі.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары