Тегін балмұздақ таратылады. Алматыда балаларды қорғау күнінде тағы қандай іс-шаралар өтеді?

Алматының барлық саябақтарында аудан әкімдіктерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

1 маусым бүкіл әлемде балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Осы күн қарсаңында Алматының барлық саябақтарында аудан әкімдіктерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар, балаларды құттықтау шаралары ұйымдастырылатын болады. Саябақтарда кішкентай бүлдіршіндерге балмұздақ таратылады. Бұл туралы Алматы білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Тау мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада биыл бірнеше шара өткізіледі. Қалалық қосымша білім беру ұйымдары – оқушылар сарайы, балалардың музыкаға бейімдеу мектептері және балалар үйлерінің базасында түрлі концерттер мен ойындар ұйымдастырылады.

"Шара "Біз бақытты баламыз" атты концертімен басталып, күні бойы жалғасады. Ойындарды Оқушылар сарайы ұйымдастырса, "Біз бақытты баламыз" атты сурет байқауын Алматы білім басқармасы ұйымдастырып, балаларға керемет сыйлықтарын тарту ететін болады. "Менің бақытты балалық шағым" тақырыбындағы шығарма сайысында балалар өздерінің осы кезде қандай бақытты өмір сүріп жатқанын, қандай көзқараста екенін жазып, бақ сынайды. Бұл шаралармен тек мектеп арасындағы оқушыларды ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын және білім берудегі ерекше мүмкіншілігі бар балаларды қамтимыз. Сонымен қатар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да қамтылады", – деді Нұргүл Тау .


Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар құқығы қалай қорғалады? Министр түсіндірмесі


Сонымен қатар, қалада "Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн ұлттық ақпараттық науқаны" өткізеледі. Дәстүрлі шара Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен, жыл сайын 1-12 маусым аралығында жүргізіледі. Шараның мақсаты – балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

"Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу қорытындылары, қала әкімдігінің жанында қаралады. Науқанның міндеті, бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері осы саладағы халықаралық және ұлттық сараптама негіздері туралы қоғамның үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру", – деді Алматы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Омарова.

Следите за самыми актуальными новостями в нашем
Telegram-канале и на странице в Facebook

Присоединяйтесь к нашему сообществу в Instagram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Оқи отырыңыз

Серіктестер жаңалықтары