Радиация қаупі төнсе, не істеу керек? Дәрігер кеңесі

Апат кезінде радиоактивті заттардың 90 пайызға жуығы сырт киімге жұғады.

Радиациялық апат ядролық немесе радиологиялық қаруды қолданғанда, құрамында радиоактивті материалдардың едәуір мөлшері бар жүк тиеген көлік апатқа ұшырағанда, өндірістегі немесе атом станциясындағы апат салдарынан болады. Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы төтенше жағдай кезінде не істеу керек екенін баяндайды.

Радиациялық апат кезінде не істеу керек?

Радиациялық апат кезінде сыртта не көлікте болсаңыз, аузыңызды респиратормен, маскамен немесе шүберекпен жабыңыз. Мүмкіндігінше тезірек тығылуға болатын ғимарат табыңыз. Ғимарат қабырғалары уақыт өте келе әлсірейтін зиянды сәулеленудің  көп бөлігіне тосқаулы болуы мүмкін. Барынша іште ұзақ болыңыз. Үйде болсаңыз, кем дегенде ол жерден 24 сағат ешқайда шықпаңыз.

"Ғимаратқа кірер алдында сырт киімді шешіп, далада қалдырыңыз. Сырт киімде 90%-ға дейін радиоактивті заттар болады. Бәрінен де жертөлеге немесе жерасты бөлмесіне жасырынған дұрыс. Пәтерде болсаңыз есік-терезеден алысырақ болған жөн. Ауасорғыш пен ауареттегіншті, желдеткішті өшіріңіз. Пеш пен каминнің мұржасын жабыңыз. Желдету саңлауларына желімделетін лента жапсырыңыз", – дейді Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығының өкілдері.

Душқа түсіп, сабындап жуыныңыз. Шашқа арналған кондиционер мен кремді қолданбаңыз, себебі радиоактивті материалдар тері мен шашта қалып қояды.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда атом станциясы энергия экспортына жол аша ма? Сарапшылар пікірі


Су жоқ болса, теріңіздің ашық тұрған жерін дымқыл сүлгімен сүртіңіз. Теріңізге зақым келмеуі үшін қатты ысқыламаңыз. Тері ішкі ағзаларды радиактивті бөлшектерден қорқауға көмектеседі. Су құбырынан аққан сумен жуыну қауіпсіз. Қолданылған сүлгілерді қалтаға салып, аузын мықтап жауып, басқалардан аулақ ұстаңыз.

Таза киім киіңіз. Үстіңіздегі киімші шешіп, қалтаға салып, аузын мықтап бекітіңіз. Басқаларға зияны тимейтін жерге қойыңыз. Ауыстыратын киіміңіз болмаса, мұрныңыз бен аузыңызды жауып алыңыз да, үстіңіздегі киімді шешіп, қағып киіңіз.

Радиация кезінде қалай тамақтану керек?

Ауа өткізбейтін контейнер мен қорапшалардағы тамақты жемеңіз. Аузы мықтап бекітілген өнім мен ысдысты таза шүберекпен сүртіңіз. Қолданған матаны қалтаға салып, аузын мықтап жауып, басқаларға қауіп төндірмейтін жерде ұстаңыз. Бақшаңыздағы көкөністер мен жемістерді жұлып жемеңіз. Одан гөрі тоңазытқыштағы, жертөле мен қоймадағы өнімдер қауіпсіз.

"Тек шөлмектегі суды ішіңіз. "Суды қайнатса, радиациядан тазарады" деген қате. Қаптамадағы сусындар, оның ішінде үйде әзірленген шырын мен шыны банкадағы компот, су жылытқыштағы суда радиоактивті материалдар болмайды", – дейді Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға қандай ядролық реактор қажет? Сұхбат


Бала емізіп жүрсеңіз мүмкіндігінше емізуді тоқтатыңыз. Нәрестеңізді бұрын сауылған сүтпен, немесе ауа өткізбейтін қорапшадағы балалар тағамымен тамақтандырыңыз.

Үй жануарларын үйге кіргізіп, сабындап жуыңыз. Беті тығыз жабылған ыдыстағы тамақты беріңіз.

Радиация тараған кезде тиімді байланыс құралы қандай?

Жақындарыңз мектепте, балабақшада, ауруханада, болмаса басқа да жерлерде болса, оларға бармай өзіңіз тұрған жерде қалыңыз. Оларды әкелу үшін сыртқа шығу қауіпті радиацияның таралуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан телефон арқылы байланысуға тырысыңыз.

Біреу үйге кіргізуді сұраса, кіргізіңіз. Осылайша олардың да өмірін құтқара аласыз. Олар да кірер алдында сырт киімдері мен аяқ киімдерін шешіп, жуынып, киімдерін ауыстыруы керек.

"Төтенше жағдайлар қызметінен ақпарат алу үшін радио, теледидар, компьютер, мобильді құрылғыларды пайдаланыңыз. Рация болса тіптен жақсы, себебі электронды құрылғыларды электромагнитті импульс зақымдауы мүмкін", – Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы.

Қауымдастық радиациялық төтенше жағдайға атом электр станциясындағы апат немесе ядролық қаруды сынап көру себеп болса, қалқанша безді радиоактивті йодтың зақымдануынан қорғау үшін ағзаға дереу йод қабылдау керек екенін ескертеді.


Оқи отырыңыз: Семей полигоны шын мәнінде қалай жабылды? Тарихтың беймәлім парақтары


Радияциялық апат кезінде қажет болуы мүмкін заттар

Радиациялық апат болса төтенше жағдай кезінде бірнеше нәрсе қажет болуы мүмкін. Олар:

  • сәулелену деңгейін өлшеуге арналған портативті диаметр (Қазақстанда сатып алу қолжетімді);
  • жеке құжаттардың көшірмелері (су өткізбейтін конвертте, USB-флешкада, интернетте сақтау жүйелерінде сақталғаны жөн);
  • батареясы бар немесе зарядталатын шам;
  • қайшы;
  • ысқырғыш (көмек сұрау белгісі);
  • FFP2/3 респираторлары;
  • тоқ көзімен жұмыс істейтін, зарядталатын радиоқабылдағыш;
  • ұялы телефон, қуаттағыш, рация;
  • тоқ көздері бар сыртқы аккумуляторлар қоры;
  • әмбебап пышақ, консерві ашатын құрал;
  • жер бедерінің карталары, компас;
  • ылғал және құрғақ сүлгілер мен орамалдар;
  • зарарсыздандыру құралдары;
  • пластик пленка, желімдегіш лента;
  • өрт сөндіргіш;
  • кілт, қысқыш, коммуналдық қызметті өшіретін құрал;
  • жақындарыңыз бен дәрігер нөмірі жазылған байланыс тізімі;
  • жеке гигиена заттары (жөргектер, төсемдер, байлайтын жібі бар қоқыс қалталары және т.б.);
  • отбасы мүшелерінің маусымдық киімдері;
  • су өткізбейтін қорапшадағы сіріңке;
  • бір реттік немесе жорыққа арналған ыдыстар;
  • көзілдірік, линза мен ерітіндісі;
  • қолма-қол ақша;
  • температура сақтайтын ұйықтау қабы немесе жылы көрпе;
  • қағаз бен қалам;
  • балалар кітаптары, ойындар, басқатырғыштар;
  • 72 сағатқа жететін азық-түлік;
  • әр адамға күнделікті 4 литр көлеміндегі ауыз су;
  • консервіленген тамақ;
  • балалар тағамы;
  • үй жануарларының тағамы (бар болса).
  • алғашқы көмек жинағы: тұрақты ішетін дәрі-дәрмектің айлық қоры, ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін дәрілер (ибупрофен немесе парацетамол), диареяға қарсы препараттар (лоперамид), құсуға қарсы препараттар (ондансетрон, метоклопрамид);
  • антигистаминдер (цетииризин, лоратадин);
  • регидрон (диарея не құсу кезінде сұйықтық көлемін толтырады). 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары