Тікелей эфир

Мамыр мерекелерінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда қайда демалуға болады?

Информбюро осы күні өтетін шаралар топтамасы мен мерекелік демалысты тиімді өткізу туралы кеңестер ұсынады.

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай қазақстандықтар 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалады. Бұл күндері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында түрлі іс-шаралар жоспарланған. 

Нұр-Сұлтан

7 мамыр. Конгресс-орталықта Moldanazar, Mona Songs, Marhaba Sabi музыкалық топтарының "Live-концерті" өтеді.

Сонымен қатар Garage Music Bar барында Stand up Garage әзілкештер кеші жоспарланған.

Ал "Ирина Кайратовна" тобы "Забери меня" барының ашылуында өнер көрсетеді.

8 мамыр. Қ. Қуанышбаев атындағы драма театрында симфониялық оркестрдің "Жеңіс шыңы" концерті өтеді. Кеште соғыс жылдарынан бері әр жыл сайын айтылып келе жатқан, өзектілігін жоймаған әндер шырқалып, дирижер Ерлан Бейсемабевтың сүйемелдеуімен музыкалық туындылар орындалады.

Astana Rock Café кафесінде One Love fest қайырымдылық фестивалін өткізу жоспарланған. Одан түскен қаражатқа  Украинаға гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Фестиваль шеберлік сағаттары мен жәрмеңкеден тұрады. Ал шара соңында елорданың дарынды әншілері бейбітшілік пен махаббат жайлы авторлық және кавер әндерін шырқап, концерт қояды.


Оқи отырыңыз: Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды


 

9 мамыр. Бейбітшілік және келісім сарайында Кеңес одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған "Майдан хаттары" концерті өтеді. Онда Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Маржан Арапбаева, Азамат Жылтыргөзов, Рухия Байдүкенова және тағы да басқа әншілер мен "Жастар" театры мен М.Горький атындағы орыс драма театрының актерлері өнер көрсетеді.

Qazaqstan орталық концерт залында Мақпал Жүнісованың өнерде жүргеніне 40 жыл толуына орай мерейтойлық концерті өтеді.

10 мамыр. Qazaqstan орталық концерт залында Saz & Soul ВИА тобының авторлық кеші жоспарланған. Кеш қонақтары: Жұбаныш Жексенұлы, Дастан Оразбеков, Мәди Сыздықов және Джордан Аракелян. 

Билеттерді мына сайттан қарай аласыз.


Оқи отырыңыз: Қай демалыс орындары жазғы жеңілдіктер ұсынады?


Сонымен қатар төрт күндік демалыста табиғат аясында серуендеп қайтуға да болады. Отандық түрлі туристік операторлар алдағы демалыс күндерінде Бурабайға бір, екі, үш күндік сапар ұйымдастырады. Оның бағдарламасына Шортанды, Бурабай көлдерін, Абылай хан алаңын, Бөлектау, Жұмбақтас, Оқжетпес тауларын, Санта Клаус резиденциясын тамашалау кіреді. 

Сондай-ақ, Зерендіге, Баянауылға барып, Қоңыр-Әулие үңгірін көріп, Жасыбай мен Торайғыр көлінің тамаша табиғатын тамашалап, таза ауада серуендеуге болады.

Алматы

7 мамыр. Республика сарайында Ернар Айдар және Kalifarniya, Sadraddin есімді әншілердің жанды дауыста мерекелік "LIVE" ән кеші өтеді.

Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында "Просто ты умела ждать" соғыс жылдарындағы әндер кеші өтеді. Кештің бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов, дирижері – Әсет Ахметов. Хормейстерлер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ян Рудковский, Алтынбек Жолдыбаев. Сондай-ақ, Қайратбек Әділов, Асхат Әбжетов, Фархат Көбеев, Роза Бақбергенова, Софиана Благодарная, Махмұжан Абабакриев, Мирас Киньяров, Қаламқас Қадырбаева, Иван Прытков, Нұрсат Алмас, Сұңқар Әлімұса және тағы басқа солистер өнер көрсетеді.

Офицерлер үйінде Рада Матвиенконың ән кеші жоспарланған.

Сонымен қатар Отан қорғаушылар күніне орай "Ғұндар" этноауылында Quyrdaqfest фестивалі өтеді. Фестивальде қуырдақтың бірнеше түрі, бауырсақ, көкөніс, жемістер ұсынылады. Ат шоуы, ұлттық ат-спорттық ойындары "Қыз қуу", "Атпен аударыспақ", аниматормен ойындар, атқа міну, садақ ату, жергілікті аңызы бар жерге жорық ұйымдастырылады.

8 мамыр.  М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында Қазақстанның Еңбек ері, КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтар иегері Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына арналған интерактив спектакль өтеді. 

Ал Республика сарайында сазгер, әнші Асан Пердешовтың ән кеші өтеді деп жоспарланған. Кешке Нұрлан Еспанов, Әбдіжаппар Әлқожа, "Диета KZ" тобы, Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев сынды өнерпаздар да қатысады.

Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында "Пебедный май" концерті ұйымдастырылады. 

Авторлық музыканың тыңдармандары бұл күні Офицерлер үйінде Venera Bugarabu-дың "Солнце внутри" этникалық ұрмалы аспаптар концертін тамашалай алады.

Ал би кешін ұнататындар Жалпы театрда өтетін "Истоки" би концертін көре алады. Оған ТМД елдерінің, Мәскеу, Новосибирск, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Нұр-сұлтан қалаларының үздік бишілері қатысады деп жоспарланған. 


Оқи отырыңыз: Биыл 17 мың адам әскерге шақырылады. Олар білуі тиіс 8 сұраққа жауап


9 мамыр. ​"МузАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев Республика сарайында мерекелік концерт береді. 

10 мамыр. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында "Квартет в союзе с пианистом" симфониялық кеші мен "Еркін елім" концерті жоспарланған. Концертке ҚР Мәдениет қайратері Ержан Әлімбетов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты Біржан Бәзілжанов қатысады. Қазақ халық композиторларының күйлері мен әндері орындалады. 

Ал Абай атындағы Ұлттық Академиялық опера және балет театрының сахнасында "Балалар жылына" орай,  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Салтанат" би ансамблінің концерті өтеді. Көрермендер Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Жәнел Тукеева, Айман Егісбаева, Дамир Момбаев, Гүлмира Назиева, Бекмұрат Анарбаев, Асхат Әбішев, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова, Милена Мазур, Елизавета Климашина, Лаура Үркінбаева, Венера Фахретдинова, Құралай Үкібаева сынды артистердің өнерін тамашалай алады. Концерттік бағдарламада қазақ халық билері, бүкіл әлем халықтарының билері, сондай-ақ "Отан үшін" спектаклі назарға ұсынылады.

Билеттерді мына сайттан қарай аласыз.


Оқи отырыңыз: Түнде, демалыста және мерекеде жұмыс істетсе, қалай құқығыңызды қорғауға болады?


Сонымен қатар Алматы тұрғындарының да осы мерекелік демалыс күндерін табиғат аясында өткізуіне болады. Қала маңында табиғатының сұлулығы таңдай қақтыратын Көлсай, Қайыңды, Шарын, Таңбалы тас, Шарын шатқалы сынды туристік жерлерге бір, екі немесе үш күндік туристік сапарлар бар. Көлігіңіз болса, отбасыңызбен таза ауада саяхат жасаудың таптырмас мүмкіндігі. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары