Тікелей эфир

Қадір түнінде қандай сүрелер мен дұғалар оқуға болады

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Бүгін сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түні – Қадір түні.

Қасиетті Құран Кәрім түскен Қадір түнінде жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең. Сол себепті мұсылмандар қасиетті түннің сауабынан құр қалмау үшін ұйықтамай құлшылық етеді. Осы орайда Информбюро порталы Қадір түнінде оқылатын дұғаларды ұсынады.

Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет "Субханалла", бір рет "Әлхамдулилла", бір рет "Лә илаһа иллалла" деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. 

Ықылас сүресін 100 рет оқу

"Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді".

Мағынасы: "Алла біреу-ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес". 

Қадір сүресін 100 рет рет оқу

"Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр".

Мағынасы: "Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла Тағала білдірмесе) қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық. Ол түні Алланың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Алланың рахымы мен есендігі жауады".

Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Мағынасы: "Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі".

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Мағынасы: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мұхаммед Оның елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін".

Астәғфируллуһ – 500 рет. 

Мағынасы: "Алладан кешірім сұраймын"

Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир – 100 рет.

Мағынасы: "Алладан басқа Тәңір жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Барлық иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән. Әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті".

Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға

"Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина".

Мағынасы: "Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын". (Муслим)

Алладан өзіңіз бен жақындарыңызға амандық сұрайтын дұға

"Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти".

Мағынасы: "Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын! "

Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға

"Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни".

Мағынасы: "Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр".

Күнә-қателіктеріңіз үшін кешірім сұрау дұғасы

"Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!"

Мағынасы: "Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!" (Бухари, Муслим)

Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай деп дұға айту:

"Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!"

Мағынасы: "Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!"

Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға

"Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын". (Бухари)

"Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл".

Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну

"Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт".

Мағынасы: "Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ". (Бухари, Әдәбул Муфрад)

Қабір азабынан, жаман халде қартаюдан сыйыну

"Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин әл-бухли, уә ә’узу бикә мин әл-жубни, уә ә’узу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-’умури, уә ә’узу бикә мин фитнати-д-дунйа уә ‘азәбил-қабр".

Мағынасы: "Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сыйынамын".

Ата-ана үшін жасалатын дұға

"Роббир-хәмһумә кәмә роббәяни соғиро".

Мағынасы: "Раббым, мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!"

Жақсы мінез сұрау

"Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт".

Мағынасы: "Я, Алла! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.

Салиқалы әйел сұрау

"Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә".

Мағынасы: "Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!"

Салиқалы ұрпақ сұрау

"Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и".

"Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!"

Перзент тілеу дұғасы

"Рабби һәб лии мил-ләдункә зуррийәтән таийбән, иннәкә сәмииъуд-дуъәә".

Мағынасы: "Раббым! Маған Өз қасыңнан ізгі ұрпақ сыйла! Расында Сен тілекті естушісің!"

Ризық сұрау

"Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира".

Мағынасы: "Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар".

Жақсылық сұрау

"Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби".

Мағынасы: "Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір".

Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау

"Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ".

Мағынасы: "Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет!"

Береке сұрау

"Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ".

Мағынасы: "Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын".

"Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!"

Мағынасы: "Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!"

Алланың разылығын сұрау

"Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә".

Мағынасы: "Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын".

Алладан көмек сұрау

"Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли".

Мағынасы: "Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың".

Алладан көркем құлшылық жасауда көмек сұрау

"Аллаһуммә, ә’инни ‘алә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ‘ибәдәтик".

Мағынасы: "Я, Алла! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер".

"Аллаһуммаж-ъәлни зәккәрән ләкә, шәккәрән ләкә, мутаууәъан ләкә, мухбитән иләйкә, әууәһән мунибә. Рабби тәқаббәл тәубәти, уәғсил хубәти, уә әжиб даъуәти уә сәббит хужжәти, уәһди қалби, уә сәддид лисәни уәслул сәхимәтә садри".

Мағынасы: "Я, Алла! Мені Өзіңді әрдайым еске алушы, Саған шүкір етуші, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Уа, Раббым! Менің тәубемді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік қылғайсың және көкірегімнің кегін басқайсың".

Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға

"Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!"

Мағынасы: "Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!"

Пайдалы білім сұрау

"Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!"

"Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!"

Қайтыс болған адамдар үшін оқылатын дұға

"Раббәнә ғфир ләнә уәлиихуәнинәл ләз̃иинә сәбәқуунә билиимәни уәлә тәжъал фии қулуубинә ғилләл лилләз̃иинә әмәнуу раббәнә иннәкә рәууфур рахиим".

Мағынасы: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік қылма» дейді".

Екі дүние игілігін сұрау

"Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр".

Мағынасы: "Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!"

Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну

"Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам".

Мағынасы: "Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақ- тықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын".

Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну

"Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәлә-и, уә дәркиш-шиқа-и, уә су-ил-қада-и, уә шәмәтәтил-әъдә. Аллаһумма муқаллибәл-қулуби сәббит қалби ъалә диник. Аллаһумма мусаррифәл-қулуби сарриф қалби ъалә таъатик".

Мағынасы: Я, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған сыйынып, пана тілеймін. Уа, жүректерді құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе орнықтыр. Уа, жүректерді бағыттаушы Алла! Жүректерді Өз тағатыңа бағыттағайсың.

Жамандықтан пана сұрау

"Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-иуәл-әдуә. Уә әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә".

Мағынасы: "Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің жаманынан пана сұраймын. Уа, Алла!Мен Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын".

Серіктестер жаңалықтары