"Сот шешімі шықты, Жоғарғы сот та түсініктеме берді. Жоғарғы соттың шешіміне қатысты пікір білдіру менің құзыретімде емес, құқығым да жоқ. Бәрі заңды, қандай нормативті актілер қолданғаны туралы түсініктемелер берілген", – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Ол пробация қызметінің бақылауында болады.
Оқи отырыңыз: Жемқорлық дерегі туралы хабарлаған адамға пара сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы беріледі
"Алғашқы үкімге қатысты шағым қаралып, сот отырысы өткен. Сот шешімі бойынша оның мерзімі 4 жыл 8 айға қысқартылған болатын. Оның үштен екісін отырып шықты. Бір жылдан астам уақыт қалған. Осы мерзім бойынша, жазасы жеңілдетілді", – деді Марат Қожаев.
Айтуынша, Қуандық Бишімбаев амнистия бойынша босатылған жоқ. Ол жазасын жеңілдету бойынша өтініш жасаған, бұл оның құқығы. Сот өтінішін жан-жақты қарастырған.
Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті менің қарамағымда емес. Сондықтан президенттің рақымшылығы туралы құжаттарды көргем жоқ, деді Марат Қожаев.
Еске сала кетсек, былтыр наурыз айында бұрынғы ұлттық экономика министрі мен осы іске қатысты өзге де айыпталушыларға үкім шыққан еді. Сот үкімімен Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды.
Оқи отырыңыз: "Әрбір бесінші кәсіпкер пара беруге дайын". Зерттеу қорытындысы
Оған қылмыстық кодекстің 28 бабының 3 бөлімі ("Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету"), 189 бабы 4 бөлімінің 2 тармағы ("Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру") бойынша айып тағылған болатын.
Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Ол 2017 жылдың 10 қаңтарында "Топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған" деген күдікпен ұсталды.