Сауд Арабиясында әр адам жұмыс орнына баруы үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған болуы міндетті. Бұл туралы осы елдің Кадрлар және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында айтылған, деп хабарлайды Arab news агенттігі.
"Коронавирустық вакцинаны алу ерлер мен әйелдердің жұмыс орындарына баруының алғышарты болады. Бұл — мемлкеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдарға да ортақ талап", – делінген министрліктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы қандай вакцинаны салдырғанды жөн көреді?
Вакцина алмаған адам өз жұмыс орнына жіберілмейді. Ел билігі жұмыс берушілерді вакциналау процесіне дайындауды тапсырды. Вакцинация қалай өтетіні және жаңа ережелер қашан күшіне енеді, жақын күндері белгілі болады.
Індет басталғалы Сауд Арабиясында 423 000 адамнан КВИ анықталды. 7000-нан астам адам бұл дерттен қаза тапты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Спутник V" екінші компоненті 45-ші күні егіледі