
Дозалар арасындағы максималды үзіліс 90 күнге дейін ұзартылды.
Қазақстанда "Спутник V" екінші компоненті 45-ші күні егіледі, ал дозалар арасындағы ең ұзақ максималды үзіліс 90 күнге дейін ұзартылды. Екі компонент арасындағы аралықты арттыру тұрғындарды иммундауды жеделдетеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.
Оның 30 сәуірдегі қаулысына сәйкес, "Спутник V" вакцинациялау кестесіне өзгерістер енгізілді.
"Егер 45-ші күні екінші компонентпен вакцинациялау мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге кету), 90 күн ішінде екпе жүргізуге рұқсат етіледі. Вакцинация кестесіне қатысты бұл ұстаным профессор, Ресей Ғылым академиясының академигі, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры А. Гинцбургтың 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесіне негізделген", – деп түсіндірді Ерлан Қиясов.
Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қоры БАӘ-нде жасалған Hayat-Vax қытайлық вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды
Ресейлік ғалымның айтуынша, "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін инъекциялау арасындағы аралықтың өсуі, минималды 21 күннен 90 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, бірақ халықтың иммунизациясын едәуір жылдамдатады. Кейбір жағдайларда аралықтың ұзаруы адамның иммундық реакциясының күші мен ұзақтығының артуына әкеледі, дейді Гинцбург.
"Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықтың барынша көп санын қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы екпенің бірінші компонентімен вакцинациялау процесін жеделдету қажеттілігі туындады. Сондықтан, вакцинаны әзірлеушінің пікірі негізінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасының екі компонентін егу арасындағы аралықты ұзарту туралы шешім қабылдады. Әрі, екінші компонентпен біріншісінен кейінгі 45 күннен соң егу туралы шешім шығарды", – деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.
Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
Ерлан Қиясов, ағзаның қарсыласуы төмен адамдарда аралықтың ұлғаюы иммунитеттің жоғары деңгейде күшеюіне және иммундық қорғаныстың ұзақтығын қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-