Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет-провайдерлер мен операторларға сапасыз интернет үшін айыппұл салынатындығын айтты.
"Біз белгілі бір провайдерлерге немесе қызмет көрсететін белгілі бір операторларға Интернет сапасының параметрлерін қоямыз. Сапа параметрлеріне сәйкес келмегендер айыппұл төлейді. Айыппұл қазіргідей 100 АЕК емес, бірнеше есеге көбейтіледі", – деді ол.
Оқи отырыңыз: "Адамға адам деп қараудан алыстап барамыз". Асхат Еркімбайдың өзекті ойлары
"Әрине, барлық қалаларда белгілі бір проблемалар бар екенін түсінеміз. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жол карталарын бекіттік, әкімдік бізге жеке серіктестер табуға, базалық станциялар орнататын антенналық діңгек құрылымдарды орнатуға көмектесті. Біз өз тарапымыздан радиожиіліктермен реттеуге көмектесіп жатырмыз. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, егер кейбір жерде қолайсыздықтар тудырған болсақ, кешірім сұраймыз ", – деп толықтырды министр.
Халықты толғандыратын ең басты мәселе – сапалы интернетпен қамту болып отыр. Еліміздегі 18,7 млн халқымыз 6500-ге жуық елді мекенде тұрады.
"Солардың ішінен 4 751 елді мекенде түрлі технологиялар бойынша (3G, 4G, оптика-талшық және т.б.) жалпы интернет бар деуге болады. Осылайша еліміздегі 17,5 млн халық интернетпен қамтылған", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?
Оның айтуынша, интернет сапасын ұлғайту мақсатында "Ауылға оптика тарту" деп аталатын жоба іске асырылып жатыр. Осы жоба аясында 1257 ауылға оптикалық желілер тарту көзделген және 75 млрд теңге сомасында операторлардан инвестиция тартылған. Биыл 944 ауылға оптика желілерін тартылады. Әзірге 835 елді мекенге оптика желілері жеткізілген, 3500 мемлекеттік нысанға – мектептер, ауруханалар, әкімдіктерге интернет тартылған.
Оқи отырыңыз: Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қорғаймыз
"Бірақ интернет те су мен газ тартқандай болады. Мысалы, ауылға жалпы су келсе, оны ауыл ішінде тарату басқа мәселе. Сол секілді оптиканы да ауылға жеткіздік, ал ауыл ішіндегі үйлерге интернет жеткізу мәселесі басқа жоба аясында шешіледі. Осы жоба аясында Sharing келісімшартына қол қойды. Ол дегеніміз барлық үш мобильдік оператор үш құрылғы орнатпай, бір құрылғы арқылы қызмет көрсете алады", – деді Мусин.