Тікелей эфир

"Самұрық-Қазына" Қоры активтері шетелде бұғаттаулы. Есімов Үкіметтен қолдау сұрады.

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Қай елдерде Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі өтіп жатыр? Қазақтар Ауғанстанда теміржол салмақ. "МАЭК – Казатомпром" ЖШС тағдыры қалай шешілмек?

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы ірілендіріледі

Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (бұдан кейін "Самұрық-Қазына" Қоры) Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов хабарлады.

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК негізінде біріктірілген кешен құру мәселесі зерделеніп жатқанын айтқан Есімов:

– Қор тау-кен саласын кешенді дамытуға бағытталған. Оның ішінде геологиялық барлауды және ғылыми техникалық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін қарастырылады. Ол үшін Қазақстан геология, металлургия және кен байыту иниституттарының және осыған қатысты акция пакеттерін "Тау-кен Самұрыққа" беру арқылы бір жерге шоғырландырамыз, – деп Үкімет басшысынан қолдау сұрады.

"МАЭК – Казатомпром" ЖШС компаниясы мемлекеттік меншікке өте ме?

Есімов "МАЭК – Казатомпром" ЖШС компаниясын мемлекеттік меншікке өткізу жөніндегі бастама туралы да айтты

Қазір ҚР Энергетика министрлігі осы мәселені қарап жатыр екен.

"Самұрық-Қазына" Қорының активтері шетелде бұғаттаулы

Ахметжан Есімов бұл мәселе туралы қадап айтты. Ол:

– Шетелдегі активтердің қорғалуын қамтамасыз ету керек. Өкінішке қарай шетелдік заң орындарда сотқа үнемі Қорды тарту тәжірибесі белең алып барады, – деді.


Ахметжан Есімов

Ахметжан Есімов / Сурет informburo.kz


Есімовтың айтуынша, 2017-2018 жылдары Қорға тиесілі екі актив шетелде өтіп жатқан сот процесстеріне қатысты бұғатталған. Олар:

  • 2017 жылы ақпанда Қордың құны 5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі "Қашаған" кен орны акцияларына шектеу қойылды.
  • 2018 жылы Түркиялық Aktau Petrol және Som Petrol A.S. компаниясының Қазақстанға қойған талаптары бойынша Қорға тиесілі құны 38 млн долларлық Түркиядағы Шекирбанк акцияларына тиым салынды.

2015 жылы Түркиялық Aktau Petrol және Som Petrol A.S. компаниясы арбритаждық келіспеушіліктерге байланысты Қазақстанды сотқа берген болатын. Сот нәтижесінде "Самұрық Қазына" Қорына тиесілі қаржы бұғатталған.

Шетелде активтердің бұғатталуынан қалай қорғанбақ ?

– Осыған байланысты біз Әділет және қаржы министрліктерінен Қазақстан Республикасына қарсы Халықаралық арбитарждық мәселелер бойынша шешімдерді орындау механизмін әзірлеуді ұсынған едік. Ондай механизм болғанда Ұлттық Қордың, квазимемлекеттік сектордың активтеріне шетелде тиым салудан қорғануға болады, – деді Есімов.

Осы себепті еліміздің инвестициялық тартымдылығы төмендеп кеткен.

Ахметжан Есімов бұл мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыстар жүріп жатыр деп сөзін аяқтады.

Нұр-Сұлтанда инвестиция екі есеге қысқарған. ЛРТ-нің құрылысы қаражат табылмай тоқтады

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов оның себебін ірі жобалардың аяқталуымен түсіндірді.


Бақыт Сұлтанов

Бақыт Сұлтанов / Сурет informburo.kz


– Астанада инвестиция екі есеге азайған. Құрылыс саласы 43%-ға, тұрғын үй шаршы метрінің қосылуы 35%-ға төмендеді. Ондағы басты себебі, өткен жылы ірі жобалар аяқталған еді. Соңғы екі жылда он екі ірі объекті пайдалануға берілсе, биыл төрт жоба іске асып жатыр.

Оның ішінде ЛРТ желісінің құрылысы тоқтады. Үкімет және Ұлттық банкпен бірге ішкі қаржы көздерін тарту арқылы бұл мәселені шешуді пысықтап жатырмыз, – деді қала әкімі.


Нұр-Сұлтанда тоқтап қалған ЛРТ жерүсті метросының бағандары

Құрылысы тоқтап қалған ЛРТ жерүсті метросының бағандары / Сурет informburo.kz


Астана ЛРТ жерүсті метросы жобасының құны 1,9 миллиарда доллар. Бұл қаржыны Қытай даму банкі 20 жылға 2,5% өсіммен берген. 22,4 шақырымдық жүйе бойына 18 станса салынуы тиіс еді.

Астанда құрылыс неге азайды? Қай саяжайлар бұзылады?

Бұған қатысты Бақыт Сұлтанов бірнеше себепті айтты. Оның бірі – қаланың инвестициялық жобалары бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 198 млрд теңгеден 115 млрд теңгеге дейін қысқарған.

– Биыл үй құрылысына 495 мың шаршы метрді қосу жоспарланған. Өткен жылы 763 мың шаршы метр болған еді. Ондағы азаюы себебі – өткен жылы құрылыс нысандары бос жерлерге салынды. Қазір негізгі құрылыстарды салу үшін саяжайларды босату мәселесі тұр, – деді Бақыт Сұлтанов.

Әкім "Мың жылдық аллеядағы" барлық саяжайларды бұзып, орнына жаңа құрылыстарды сала бастайтындықтарын айтты. Жыл соңына дейін тағы 2 миллион шаршы метрді қосатындарын да алға тартты.

Сыртқы істер министрлігі экспортты дамыту шараларын бастаған

ҚР Үкіметінің шешімімен СІМ экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты болды. Осыған орай аталған министрлік 2018-2022 жж. Ұлттық экспорттық стратегияны қабылдапты.


Бейбіт Атамқұлов

Бейбіт Атамқұлов / Сурет informburo.kz


Соған орай төмендегі жұмыстар атқарылып жатыр:

  • Көрші елдерден сауда өкілдіктерін ашып, компаниялардың жұмысына жәрдемдесе бастаған.
  • Қазақстандық өнімдерді шетелде жарнамалау және экспортқа шығару үшін қажетті қадамдарды жасап жатыр.

Шетелде Қазақстандық өнімнің көрмелері мен жәрмеңкелері өтіп жатыр

– Бұл – экспортты дамытудың тиімді драйверлерінің бірі. Мақсат – "Қазақстанда жасалған" брендін таныстыру. Экспорт тұрғысынан әлеуетті барлық елдерге қазақстандық өнімнің нақты номенклатуралары мен түрлері туралы ақпарат жолданған, – деп бастады сөзін СІМ министрі Бейбіт Атамқұлов.

Мысалы, 2019 жылы13-15 наурыздағы Ташкент қаласында Қазақстандық өндірушілердің тауарларының көрмесі өткен. Онда Қазақстаннан машинажасау, тағам, химия және фармацевтика салаларынан 60-тан астам компания қатысыпты. Өткен жылы Қытайдың Шанхай қаласындағы көрмеде 120 млн долларлық келісімге қол қойылған.

Жоспарланған іс-шаралар:

Орынбор қаласында "Қазақстанда жасалған" екінші сауда-өнеркәсіптік көрмесі (2019 ж., қазан);

Шаңқай қаласында екінші қытайлық халықаралық импорт көрмесі (2019 ж., 5-10 қараша).

БАӘ-ге, РФ-на (Қазан), Қырғызстанға, Ауғанстанға, Моңғолияға сауда миссияларын ұйымдастыру. СІМ ИИДМ-мен, АШМ-мен, "Атамекен" ҰКП" АҚ-пен бірлесіп қажетті дайындықты бастаған.

Қазір экспортты сыртқы деңгейде ілгерілетуді үйлестіру мәселелерін талқылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Қазақстандықтар Ауғанстанда темір жол салады

Бұл туралы Бейбіт Атамқұлов хабарлады. Министрдің айтуынша Қазақ компаниясы құны 58 млн АҚШ доллары тұратын Қап – Герат бағытындағы темір жол құрылысын салуға қатысып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары