Тікелей эфир

ҚР Әкімшілік кодексіне енгізілген түзетулер: түнгі соттар мен жол жүру ережелері, ізгілендіру шаралары

Қажетке жарамағандықтан Әкімшілік кодекстен кейбір баптар алынып тасталып, олқылықтар жойылмақшы.

ҚР Парламенті Мәжілісіне "ҚР Әкімшілік кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті. Informburo.kz аталған құжаттың басты жаңашылдықтары туралы хабарлайды.

Жол жүру ережелері туралы білімді тексеру мен қаруды қауіпсіз пайдалану туралы

Құқық бұзушының білімін тексеру-тексермеуді қазір сот шешеді. Әкімшілік кодекстің 52 бабында әкімшілік құқық бұзған тұлғаға оның тағы да әкімшілік құқық бұзушылық жасамауы үшін келесідей әкімшілік-құқықтық әсер ету шаралары қолданылуы мүмкін:

  • Жол жүру ережелеріне қатысты білімін тексеру;
  • Құқық бұзушының тәртібіне ерекше талап қою;
  • Қаруды қауіпсіз пайдалану ережесіне қатысты білімін тексеру.

Бұл жерде "мүмкін" деген сөзді алып тастауды ұйғарыпты. Осылайша заңды қолдану тәртібі біреу ғана болады. Кейбір заң бұзушылықтар бойынша кінәлі айыппұл төлеп қана қоймай, емтихан тапсырады. Автокөлік иелері мен қару ұстайтындарға қандай жағдайда мұндай жауапкершілік жүктелетінін нақтылайық.

Әуесқой автомобильшілерге емтихан тапсыру келесідей жағдайларда қолданылады:

  • 594 баптың 4 бөлімі – Көлік кептелісі болған жағдайда көше қиылыстарына немесе жүргінші жолақтарына шығып кетіп, көлденең бағыттағы көлік ағынына кедергі келтірген жағдайда (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса);
  • 596 баптың 4 бөлімі – Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяулардың жолдарымен, жол жиектерiмен жүру, көлiк құралын жол бойына тастап кету (қою), қарсы бағытпен жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты көлiк немесе жаяу жүргіншілердің ұйымдасқан тізбегін кесiп өту не оның арасына тұрып алу (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер);
  • 598 баптың 2 бөлімі (жаңа редакциядан) – жарқылдауық маяк мен арнайы дыбыс сигналын бір мезетте iске қосқан жедел жәрдем және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу. Сыртқы жағында арнайы түстi, графикалық схемалар, жазулар және белгiлері бар, жарқылдауық маяк пен арнайы дыбыс сигналын бір мезетте iске қосқан жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу – жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер);
  • 599 баптың 2 бөлімі – Осы Кодекстiң 607-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту (әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет ;
  • 600 баптың 2 бөлімі – Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау (әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет).

Қару иелеріне төмендегідей құқықбұзушылықтарда экзамендер тапсыру қарастырылған:

  • 436 баптың 1 бөлімі – Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату;
  • 484 баптың 1 бөлімі – Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу немесе әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы;
  • 485 баптың 1 бөлімі – атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса;
  • 486 баптың 1 бабы – Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу.

Әуесқой автомобилшілерге

Заң жобасы электронды құжат айналымына арналған бірнеше бапты қарастырады. Жүргізушілерді заңға енгзілген басқа да өзгерістер күтіп тұр. Айыппұл туралы SMS ресми хабарлама болады. Әуесқой жүргізушілерге сондай-ақ қарыздары туралы "Электронды үкімет" порталы және (немесе ) арнайы есепке алу және құқықтық статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық қызметі арқылы заңды түрде ескерте алады (743 бап).

Тағы бір жаңалық – егер әуесқой жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған бірнеше баппен жазалау ұйғарылса, мерзімдерді қосу. Қазір ең ауыр жазаны одан сәл жеңілі басады:

"Бір тұлғаға қатысты автокөлік құралдарын басқару құқығын айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындау туралы бірнеше қаулы шығарылса, жалпы мерзім мерзімдерді қосу арқылы есептеледі".

Жобаны әзірлеушілер мынадай мысал келтіреді: мәселен бір бап бойынша әуесқой жүргізушіні автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде 1 жылға әкімшілік жауапкершілікке тартса, ал екінші бап бойынша – 9 айға жоғарыда аталғандай жауапкершілікке тартса, мұндайда автокөлікті басқару құқынан айырудың жалпы мерзімі бір жыл және тоғыз айды құрайды.

Дегенмен жаңа заң жобасы тек қатаңдатудан тұрмайды. Әуесқой жүргізушілерге бірқатар ізгілендіру шарасы да көзделген. Мысалы жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кетуге қатысты. Қазір жол көлік оқиғасы болған орынды тастап кеткендер бір жылға дейін жүргізуші құқығынан бір жылға дейін айырылса, жаңа редакцияда тек 30 АЕК көлемінде айыппұл немесе жүргізу құқығынан айыру көзделген.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Поправки в Административном кодексе РК: ночные суды, ПДД, гуманизация

Коммерциялық емес ұйымдардың жауапкершілігі

Қолданыстағы әкімшілік кодексте мүгедектерге қатысты әлеуметтік қорғау заңанамасын бұзған коммерциялық емес ұйымдарға жауапкершілік қаралмаған. Мысалы, лауазымды тұлға немесе кәсіпкер көліктік инфроқұрылым нысандарына, мәдени-сауықтық шараларға мүгедектердің баруына жағдай жасамаса, жұмыс беруші ретінде егер оның кінәсінен алған еңбек жарақаты және (немесе) кәсіби аурулардан мүгедектерді оңалту шараларын орындамаса, оған айыппұл қарастырылған. Егер осы құқықбұзушылықтарды коммерциялық ұйымдар жасаса, оларға еш жауапкершілік қарастырылмаған. Осы олқылықты жою ұйғарылған.

Сол секілді еңбек қызметіне байланысты қайғылы оқиғаларды зерттеуді қамтамасыз ету де бар. Жаңа құжатта коммерциялық емес ұйымдардың жауапкершілігі жазылған.

Жұмыс берушінің жауапкершілігі

Жаңа құжатты әзірлеушілер заңда еңбек келісім-шартынсыз адамдарды жұмысқа жібергені үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне тағайындалатын айыппұл сомасын 100 АЕК-тен 80 АЕК-ке төмендеткен.

Алайда, жұмыс берушілердің бас қатыратын тағы басқа мәселесі бар – "Еңбек қызметімен байланысты болған қайғылы жағдайды жасыру" бабы "Еңбек қызметімен байланысты қайғылы жағдайды хабарламау" бабына ауыстырылды. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, іс жүзінде жұмыс берушінің қайғылы оқиғаны жасырып қалғанын дәлелдеу қиынға соғады.

Жарнама

Егер қолданыстағы әкімшілік кодексте жарнаманы жасау, орналастыру, сондай-ақ тарату тәртібі мен ережесіне қатысты бірнеше бап болса, жаңасында жарнама саласындағы құқық бұзушылықтармен жауапкершіліктер жазылған бір – 455 бапқа біріктіру ұсынылған.

Алып тастау

Жобаны әзірлеушілер қажеттілігі болмауына немесе пайдаланылмауына байланысты кейбір баптарды алып тастағысы келеді, яғни Әкімшілік кодекстен "Энергия және суды заңсыз қосу және пайдалану" аталатын 144 бапқа қатысты (осындай жағдайды азаматтық-құқықтық қатынастар форматында қарастыруды ұсынады). Сондай-ақ, шикізатты, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасынан тысқары жөнелту үшін қабылдау ережелерін бұзу туралы бапты да алып тастағылары келеді. Өйткені, Қазақстанда мұндай ереже жоқ көрінеді.

Заң жобасын әзірлеушілер 154 бапты өте қатаң деп есептеп, оны да алып тастауды ұсынды. Егер кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адам осындай қызметпен айналысса, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Басқаша айтқанда, егер Парламент депутаты, сот, нотариус не шенеунік қоғамға қажетті ғана емес, өз бизнесімен айналысса , әкімшілік кодекстен осы бап алынып тасталған жағдайда ешқандай айыппұл да, тәркілеу де болмайды. Жобаны әзірлеушілер Конституцияға сәйкес ондайлардың мұндай құқықбұзушылықтары үшін қызметінен қуылатынын және лицензиясынан айырылатынын (нотариустар мен адвокаттарға қатысты) алға тартады.

Заңнан 604 ("Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу") және 605 бапты ("Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу") алып тастау да ұсынылып отыр. Бұл "Кәсіпкерлік қызметін реттеуді жетілдіру мәселелеріне қатысты ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының аясында осы салада мелмекеттік бақылаудың жоқтығымен түсіндірілді. Қолданыстағы заңнамада автомектептерге айтарлықтай айыппұлдар тіпті қызметін тоқтату жазасы да қарастырылған.

Заңнаманы ізгілендіру

"Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу" туралы 174 бап бойынша жауапкершілікті азайту қарастырылған. Қолданыстағы редакцияда айыппұл екі есе көп, тіпті құқықбұзушылық қайталанған жағдайда әкімшілік қамауға алуға әкелуі мүмкін.

"ҚР оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзу туралы" (177,179,180,181) баптарға да ізгілендіру шарасы қолданылған. Мұнда да айыппұлдар азайтылып, кейбір тармақтары алынып тасталды.

Жаңа құжатта белгіленген мерзімде кедендік рәсімдеу аяқталмаса көлік құралдарын, тауарларды тәркілеуді (543 баптың 1 бөлімі) алып тастау ұсынылған. Алайда, заңды бір рет бұзған жағдайда, ал екінші рет орын алса тәркілеуге әкеледі.

Жобаны әзірлеушілер туристік қызмет туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін туристік операторлардың лиценциясынан айырмауды (187 бап) ұсынады.

"ҚР туристік қызмет туралы" ҚР заңының 15 бабының 2 тармағына сәйкес Туроператорда және турагентте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол берілед. Ал, осы заңның 2 тармағына сәйкес турагенттік қызмет, сондай-ақ гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

Ұсақ-түйек бұзақылықтарға қатысты баптан "тағайындалмаған жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастау, парк, сквер сияқты көпшілік орындарды ластау" туралы алынып тасталды. Бұл құқықбұзушылықтар 434-2 бабына енгізіліп, оған тек айыппұл ғана төлеу туралы жазылды. Қазір бұған сөгіс жариялап, 10 күнге дейін қамауға алуға болады.

Шетелдіктерге

"Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы" туралы 517 бап толығырақ жазылды. Егер қазір шетелдік заңмен тағайындалған мерзім аяқталғаннан кейін 3 тәуліктің ішінде тіркеуге тұрмаса, оған ескерту беріледі.Егер бұл мерзім үш күннен асып кетсе 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.Бұл бапты төмендегідей редакцияда беру ұсынылып отыр:

517 бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы, ҚР Заңнамасында белгіленген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпегені үшін:

  1. Үш тәулікке дейін – ескерту;
  2. Үш тәуліктен бес тәулікке дейін – 10 АЕК көлемінде айыппұл;
  3. Бес тәуліктен он тәулікке дейін – 15 АЕК көлемінде айыппұл.

Егер бұл бірінші баптың бөлімінде қарастырылған мерзімнен көп уақытта құқықбұзушылық жасалса, 20 АЕК немесе Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу. Алайда, 834 бапқа сәйкес прокурор апелляция не шағым түсірсе, ол қаралғанша Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу туралы сот қаулысы тоқтатылады.

Түнгі сот

ҚР Жоғарғы соты "Түнгі сот" пилоттық жобасын жүзеге асырды. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша өндірістерді жеңілдету үшін жасалған. Өндірістің қатысушылары қысқа уақыт ішінде тараптардың жаупкершілігіне байланысты, сондай-ақ залалдарды өндіруге байланысты істерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ қазақстандықтардың уақытын үнемдейді. Сот даулары жұмыс кестесін бұзбастан кешкі уақытта (18:30 дан 22:00 ге дейін) өтеді.

Жаңа заң жобасы осы жаңашылдықтарды көздейді және осы кодекске сай зардап шегуші немесе жауап беруші әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі кезек күттірмей сотта қарау туралы өтініш хат жаза алады.

Авторы Евгения Бодрова.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары