Жазушылық қоғамда хобби сияқты қабылданады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ақын Едіге Қожахмет зиялы қауымның беделін арттыру үшін қалам ұстаған қауымның билікке, партияға, әкімдіктерге тәуелділігін барынша жою керек деп есептейді.

"Жазушы" деген ұғым бізде, өкінішке қарай, тек қосымша хобби сияқты қабылданып кеткен. Оны арнайы кәсіп, жұмыс ретінде қоғам қабылдамайды. 

Оған дәлел, мысалы, "бәлен кісі жазушы екен" десе, артынша "аа жақсы. Ал, тұрақты жұмысы қайда екен? Қайда қызмет істейді екен?" деп сұрап жатамыз. Бұл – стереотип. 

Біздің қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шығармашылық өнімдерді дұрыс бағаламауға, шығармашылық-интеллектуалдық өнімдер нарығының дұрыс жұмыс істемей келуіне байланысты қалыптасқан стереотип. 

Зиялы қауымның беделін арттыру үшін қалам ұстаған қауымның билікке, партияға, әкімдіктерге тәуелділігін барынша жою керек. Ол үшін шығармашылық-интеллектуалдық өнімдер нарығын жүйелеу қажет. Яғни, кітап нарығы әлемде қалыптасқан механизмге оралуы тиіс. 

Қазір сол жүйе ептеп еніп келеді. Баспалар көбейіп, продюсерлік институт ақырындап жұмыс істей бастады. Жазушы жазуы керек, продюсерлік институт (баспалар, әдеби агенттер) инвестиция салып, жазушының сапалы өнім өндіруіне жағдай жасап, шыққан өнімді саудалай білуі керек. 

Осы жүйе нық орныққанда тәуелсіз, еркін ойлы, қоғамның дамуының интеллектуалды негізін қалыптастыратын шын зиялы орта қалыптасады. 

(Жазба ақын Едіге Қожахметтің Facebook парақшасынан алынды)

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз