Балалар әдебиеті анимация мен геймификацияға бейімделуі керек – жазушы Сәуле Досжан

Фото: Ana tili
Фото: Ana tili
Балалар әдебиетінің дамуы мемлекеттік қолдауды қажет етеді.

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан Ana tili басылымына айтқан пікірінде балалар әдебиетінің мәселесіне тоқталды. 

Жазушының айтуынша, қазіргі таңда балалар әдебиетіне қалам тартып жүрген ақын-жазушылар аз емес. 

"Олар қазақы құндылықтар мен заманауи тренділерді үйлестіре отырып, жанрлық ауқымды кеңейтіп жатқаны рас. Алайда балалар әдебиетінің ауқымы қазақ кітап нарығында әлі де болса кеңейе түссе деген тілек бар. Оқырман талғамының өзгеруі қазіргі балалар әдебиетіне ерекше талап қойып отыр. "Мазмұндама", Steppe&World сынды баспалар сапалы аудармалармен айналысып, қазақ кітап нарығына өзгеше үлес қосып келе жатқаны қуантады", – деді Сәуле Досжан. 

Дегенмен, жазушының айтуынша, қазіргі балаларға интерактивті форматтар қызығырақ. 

"Болашақта балалар әдебиеті интерактивті форматтарға, комикс, анимация, геймификация элементтеріне бейімделуі керек. Себебі қазіргі балаларға сол қызық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да балалар әдебиеті мен балалар кітапханасына айрықша көңіл бөліп жатқаны қуантады. Мемлекеттік қолдау мен сапалы контент өндірісі артса, қазіргі балалар әдебиеті жаңаша серпін алатынына сенемін", – деді жазушы. 


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары