Тікелей эфир

Былғары костюм, кең шалбар: 2023 жылы қандай түсті киімдер сәнді болады?

Фото: Getty images
Фото: Getty images
Дизайнерлердің болжамынша, биыл бастан-аяқ былғары немесе джинс киімдер кию сәнге айналады.

2023 жылы нюд пен жарқын түстер, еліктіргіш және көп қабатты киімдер, биік өкшелі және жалпақ табанды аяқ киімдер – әртүрлі киім үлгісі сәнге айналады.

Жылдың басты түсі

Rokh сән көрсетілімінен | Фото: marieclaire.ru

Pantone түс институты 2023 жылдың ең басты сәні ретінде Viva Magenta түсін атады. Ол қызыл және күлгін түстің қосындысы. 

"Қазіргі технология ғасырында біз табиғаттан және шындықтан шабыт алуға тырысамыз. Pantone 18-1750 Viva Magenta қызыл түстер отбасынан шыққан және біз оны таңдағанда ең құнды табиғи бояғыштан шабыт алдық. Viva Magenta бізді бастапқы материямен байланыстырады. Табиғат күштерін шақыра отырып,  рухымызды қуаттандырады, ішкі күшімізді нығайтуға көмектеседі", – дейді Pantone түс институтының атқарушы директоры Леатрис Айзман.

Жүн тон

Coperni 2022/2023 сән көрсетілімінен | Фото: yapokupayu.ru

Осы қыстың басты үрдісі – жасанды жүннен жасалған тон. Әсіресе, табиғи жүнге ұқсас, классикаға жақын пішіндегі түрлі-түсті модельдер, қысқа және ұзын кең пішінді тондар сәнге айналды. 


Оқи отырыңыз: Сәнгер Алмас Керімбек: Сән – жай ғана жылтыр көйлек емес, ол – тарих пен философия


Былғарыдан жасалған киімдер

Chloé 2022/2023 сән көрсетілімінен | Фото: yapokupayu.ru

Осы маусымда дизайнерлер бастан-аяқ былғары киюге кеңес береді. Әсіресе, әрқайсын бөлек киюге болатын екі бөліктен тұратын костюм. Мысалы, былғары белдемше мен орташа немесе максималды ұзындықтағы былғары күрте киюге болады.

Кең шалбар

Gauchere 2022/2023 сән көрсетілімінен | Фото: yapokupayu.ru

Кең шалбар кигенде үстіне денеге жабысып тұратын боди, қысқартылған жейде немесе жемпір, корсет, бра киюге болады. Британдық жоғары дизайн мектебінің стилисі Анна Рыкованың пікірінше, бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын комбинация.

Жилет

Etro, Jason Wu сән көрсетілімінен | Фото: Getty Images

Өткен маусымда жилет қайтадан сәнге айналды және алдағы күзде де сәннен түспек емес. Дизайнерлер оны көйлектің, топтың сыртынан немесе тіпті жалаңаш денеге киюді ұсынады. Сонымен қатар жилеттің матасы да әртүрлі болуы мүмкін: тоқылған, жүн, былғары және тағы басқа. Мысалы, Chanel, Etro және Jason Wu топтамаларында сондай үлгілер кездеседі.


Оқи отырыңыз: "Қыз Жібек" лиро-эпосындағы сән-салтанат көріністері


Белдемшелі костюм

Maryling, Jason Wu сән көрсетілімінен | Фото: Getty Images

Белдемшелі костюмдер 2022-2023 күзгі-қысқы трендтерге кірді. Олар іскер ханымдар мен сәнгерлердің гардеробында болатын шалбарлы костюммен бәсекелес болады. Енді Alberta Ferretti, Chanel және Jason Wu стиліндегі жайлы және стильді белдемше жиынтығының уақыты келді.

Джинс топтама

 Isabel Marant 2022/2023 сән көрсетілімінен | Фото: yapokupayu.ru

2023 жылдың жазының негізгі трендтерінің бірі джинсы шорт болады. Олармен бірге джинс күртешелер де сәнге оралады. Солайша бастан-аяқ джинс кию қайтадан сәнге айналады.

Шашақты киімдер

Rokh сән көрсетілімінен | Фото: artimage.ru

Шашақты киімдер 2023 жылы да сәннен түспейді. Ол жейде, көйлек, белдемше және сырт киімдерде де болады. Дизайнерлер бұл үлгідегі киімді, әсіресе, жазда киюді ұсынады.


Оқи отырыңыз: Үшкір кроссовка, биялай және жүн етік. 2022 жылы қандай киімдер сәнде болды?


Қарапайым кроссовка, жібі жіңішке сандалдар

Prabal Gurung 2023, Altuzarra 2023 сән көрсетілімдерінен | Фото: yapokupayu.ru

Осы көктемде футуристік кроссовка іздеп шаршамайсыз, себебі қарапайым аяқ киімдер сәнге айналады. Олар: қарапайым кроссовка, жібі жіңішке сандалдар, табаны қалың сандалдар және лоферлер.

Серіктестер жаңалықтары