Тікелей эфир

Үшкір кроссовка, биялай және жүн етік. 2022 жылы қандай киімдер сәнде болады?

Фото Pronedra.ru сайтынан алынды.
Фото Pronedra.ru сайтынан алынды.
2000 жылдардағы сән 2021 жылы қайта жанданды және алдағы жылы да өзекті болады.

World Fashion Channel болжамына сүйенсек, алдағы жылы белі төмен шалбарлар мен белдемшелер және power dressing стилі қайтып келеді. Сонымен қатар, неонның бейтарап реңктері, жүн сөмкелер мен үшкір кроссовкалар түріндегі сәнді аксессуарлар сәнге айналады.

Қанық түсті пальто

пальто
Prada брендінің PradaFW21 сән апталығында ұсынған қанық түсті пальтосы

Ұзақ уақыт бойы тек классикалық стильдегі пастель түсті пальто сәнде болып келді. Бірақ, 2021 жылдың күз-қыс маусымында дизайнерлер бұл ережені бұзды. Prada, Sacai, Nina Ricci және басқа да көптеген бренд жаңа топтамасында жай ғана қанық түсті емес, әртүрлі стильдегі пальтоларды неон реңкінде ұсынды.

Сәнгерлер қанық түстерге деген сұраныстың артуын қатаң шектеу шараларымен байланыстрады.

Белі төмен джинс шалбар

джинс шалбар
Blumarine брендінің Nicola Brognano ұсынған пре-топтамасынан

Бритни Спирстің музыкалық мансабын бастаған кездегі киіну стилі есіңізде ме? Біреулер ондай белі төмен джинс шалбарларды жинап, өртеп жіберу керек десе, екіншісі оны қуана-қуана киетінін айтады.  Қалай болғанда да, жалаңаш кіндік пен белі төмен шалбарлар келесі жылы сәнде болады.

Сонымен қатар, болжам бойынша, мойны мен иығы ашық киімдер де сәнге айналады. Себебі, биыл ASOS Marketplace-те осындай киімдерге деген сұраныс 37,4 пайызға өскен.


Оқи отырыңыз: "Қыз Жібек" лиро-эпосындағы сән-салтанат көріністері


Үшкір кроссовка

8шк3р кроссовка
Prada брендінің үшкір кроссовкасы

Романтика мен нәзіктік бірте-бірте қайта сәнге оралып келеді. Соған қарамастан, спорттық стиль де подиумнан түсер емес. Келесі жылдың ең даулы, бірақ, ең ерекше трендінің бірі – үшкір тұмсықты кроссовка. Әзірге, бұл аяқ киімді киюге ешкімнің батылы жетпей отыр. Бірақ, сәнгерлердің пікірінше, алдағы жылы көшеде үшкір тұмсықты кроссовка кигендерді жиі көретін боламыз.

Олдскул жемпірлері мен биялай

Givenchy брендінің биялайы

Суық мезгілдің тағы бір үрдісі трикотаж бұйымдар, әсіресе,1960 жылдардағы олдскул жемпірлері, кардигандар мен жилеттер болмақ. Енді оны тек винтаж дүкендерде немесе әженің сандығынан ғана көрмейміз. Себебі, көп ұзамай олар сәнге айналып, нарықтағы брендтер ассортиментінде көптеп пайда болады.

Сонымен қатар, келер жылы қолғаптар емес, жүннен тоқылған, тері және былғарыдан тігілген биялайлар сәнге айналады. Олар қолды жылытып қана қоймайды, сәнді аксессуар қызметін де атқарады.

Мысалы, тон және қалың курткамен – қысқа биялай, жилет және кейппен – жеңі ұзын биялай, 2000 жылдардағы қанық түсті пальтомен түрлі тастармен көмкерілген биялай киюге болады.


Оқи отырыңыз: Динара Сәтжан отандық сән жобасына 10 млн теңге инвестиция бөлуге дайын


Жүнді сөмке мен аяқ киім

Chanel унты
Chanel бренді ұсынған жүнді аяқ киім

Келесі жылдың тағы бір жаңалығы – жүнді аяқ киім, аксессуар және сөмкелер.

Былтыр қыста угги мен мунбут сәнде болса, алдағы жылы Chanel мен Miu Miu брендтері сән апталығында көрсеткен жүнді аяқ киім, яғни унты трендке айналады. Оны тек apres-ski стиліндегі қалың комбинезон, жемпірмен ғана емес, плиссе белдемше мен ұзын, жабысқан көйлектермен киюге болады.

Айта кетейік, биыл Alexander McQueen мен Balenciaga сынды үлкен сән үйлері табиғи жүнді пайдаланудан бас тартты. Оның орнына жасанды жүнді қолдана бастады. Kering холдингіне кіретін бірқатар бренд те алдағы жылы табиғи жүнді қолданбайтынын хабарлады.

Қара түсті костюм-шалбар

Қара түсті костюм-шалбар
Peter Do брендінің қара түсті костюм-шалбары

Gabriela Hearst, Miuccia Prada, Donatella Versace дизайнерлері алдағы жылы сәнге айналар киімдердің қатарына қара түсті костюм-шалбарды да қосты. Сәнгерлердің пікірінше, бұл киім әйелдерді күшті әрі тартымды қылып көрсетеді. 2022 жылы ол power dressing стиліндегі басты киімге айналады. Оны ақ жейдемен жұмысқа, жұқа брамен кешкі жиындарға киюге болады.

ASOS Trends Report-тың жыл сайынғы есебіне сүйенсек, 2000 жылдардағы сән 2021 жылы қайта жанданды және алдағы 12 айда да өзекті болады.

Сонымен қатар, барыс жылында 1990 жылдардағы киімдер – кең джинсы шалбарға, карго-шалбарына және қанық түстерге сұраныс жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары