Тікелей эфир

Аттестат пен дипломның телнұсқасын қалай жасатуға болады?

Сурет: bilimdinews.kz
Сурет: bilimdinews.kz
Құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Қазақстандықтар жоғары білім туралы дипломды тікелей ХҚКО-ға барып немесе egov.kz порталында өтініш беру арқылы қалпына келтіре алады. 

Қызметті қалай онлайн алуға болады?

  1. Еgov.kz порталына ЭЦҚ кілтпен кірген соң, "онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 
  2. Өтінімді толтырған соң оған ЭЦҚ немесе смс-парольмен қол қойыңыз. Бұл үшін міндетті түрде мобильдің азаматтар базасында тіркелу қажет. 
  3. Кейін жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. 

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты: Ауылда жалған дипломмен сабақ беретін мұғалімдер көп


Жоғарыдағы екінші тармақтағы өтінімді қалай толтырамыз?

  • Ол үшін egov.kz порталында "білім – жоғары білім – білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" батырмаларын ретімен басамыз. Ашылған жаңа бетте "бірінші қадамдағы" мәліметтерді толтырамыз. Егер "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде білім туралы деректер табылмады" деген жазу шықса, келесі мәліметтерді алдын ала іздеп тауып алу қажет: дипломда көрсетілген мамандық, диплом сериясы, диплом нөмірі, дипломның тіркеу нөмірі, оқуды аяқтаған күн.
  • Барлық белгіленген жолды толтырып шыққан соң, дипломды қалпына келтіру себебін көрсетесіз: жоғалу, бүліну, ТӘЖ ауыстыру.
  • "Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына құқықтық жауапкершілік тартамын" деп жазылған жолға қарғаша белгісін қойып, "сұранысты жіберу" батырмасын басамыз
  • "Екінші қадам" деген бетке өтіп, өтінімді жолдау үшін қол қоямыз.
  • "Үшінші қадам" деген жерде құжаттың мәртебесі көрсетіліп тұрады. 

Аттестаттың телнұсқасын ХҚКО-ға барып алу тәртібі


Оқи отырыңыз: "Дипломмен – басқа салаға!". Мектеп қабырғасында кәсіптік бағдарлау не үшін қажет?


Қызметті мемлекеттік органнан немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қ қалай алуға болады:

  1. құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініші;
  2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. тегі (аты, әкесінің аты өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі).

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

Дипломның телнұсқасын ХҚКО-ға барып алу тәртібі

Қызметті мемлекеттік органнан немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған осы қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтініші;
  2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім беру туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Оқи отырыңыз: Өңірлерден жұмысқа келген жастарға үйді жалға алу үшін көтерме жәрдемақы енгізіледі


Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

Серіктестер жаңалықтары