Өңірлерден жұмысқа келген жастарға үйді жалға алу үшін көтерме жәрдемақы енгізіледі

Жастарды жұмысқа ынталандыру үшін заңнамаға "жас жұмысшы" ұғымы енгізілмек.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыты бойынша ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтарды "Ерте анықтау жүйесі" енгізілетін болады. Бұл ретте отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік мәртебесі жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленеді және олардың нақты қажеттіліктері айқындалады, деп мәлімдеді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жастарға арналған "Алғашқы жұмыс орны", түлектерге арналған "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылатын болады.

Жастарды жұмысқа ынталандыру үшін заңнамаға "жас жұмысшы" ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден жұмысқа келген жастар үшін тұрғын үйді жалға алуға көтерме жәрдемақы енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Көпбалалы отбасылар (76,8 мың) және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (7 мың) үшін барлық өңірде әйелдерді қолдау орталықтарын құру жоспарлануда.

"Бұл шаралар нақты қажеттіліктер бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтауға, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Серік Шәпкенов.


Оқи отырыңыз: "Дипломмен – басқа салаға!". Мектеп қабырғасында кәсіптік бағдарлау не үшін қажет?


Кәсіптік дағдыларды дамыту және еңбек ресурстарын кәсіптік бағдарлау бағыты бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында жаппай қайта даярлау және біліктілікті арттыру "фабрикалары" құрылатын болады. Жастарды оқытуға және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға ерекше назар аударылмақ.

"Сондай-ақ, сұранысқа ие дағдыларды тану жүйесі енгізілуде. Еңбекмині "Ұлттық біліктілік жүйесі туралы" заң жобасын әзірлеуде. Оның шеңберінде біліктілікті танудың тәуелсіз орталықтарын құру үшін тиімді жағдайлар жасау, жыл сайынғы сертификаттаудан өту үшін ізденушілерге кемінде 1000 ваучер ұсыну көзделеді. Skills.enbek.kz платформасында онлайн оқу арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеруге жағдай жасалады. Оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру үшін мансаптық ілгерілеу бойынша кемінде 100 нұсқаулық әзірленеді", – деп толықтырды Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтар тізімі жыл сайын жаңартылып отырады.


Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: ЖОО-лар оқытудың онлайн түрі үшін жаңа кадрлар даярлай алады


"Бұл шаралар жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кадрлар даярлауға, жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар туралы хабардар етуге, оларға мамандық таңдауда қолдау көрсетуге мүмкіндік береді", – деп түйіндеді ведомство басшысы.

Еске салсақ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасының 4,7 мың адамға қысқарғанын хабарлады. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары