Оксфорд ғалымдары психиканың 14 түрлі ауытқуын анықтады, олардың ең көп тарағаны – депрессия, мазасыздық және көңіл-күйдің өзгеруі.
Covid-19 жұқтырған 230 адамға жүргізілген зерттеу барысында аурудан кейінгі алты айдың ішінде олардың үштен бірінде ми қызметінің бұзылуы немесе психикалық ауытқудың белгілері пайда бола бастағаны анықталған. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Оксфорд университетінің ғалымдары пандемия неврологиялық проблемалар толқынына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.
Зерттеушілер 14 түрлі психикалық ауытқуды анықтады, олардың ең көп тарағаны – депрессия, мазасыздық және көңіл-күйдің өзгеруі. Ковидтен кейінгі инсульт жағдайлары сирек кездеседі (ауыр түрімен ауырып жазылғандардың 7%-ында) және деменцияның алғашқы белгілері (2%), ғалымдар бұл көріністерді де ескеру керек екенін айтады.
Оқи отырыңыз: Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 60 пайызы вакцина салдыру керек
Алайда, олар коронавирустың адамның жүйке жүйесіне қалай әсер ететінін әлі күнге дейін нақты түсіндіре алмайды. Ғалымдар оның жүйке жүйесіне әсер ету механизмдерін дәл сипаттауға әлі дайын емес.
Зерттеуді британдық және америкалық мамандар бірлесіп жүргізді. Оған қатысқан еріктілердің басым бөлігі – АҚШ-тан келген науқастар.
Бұл мұндай түрдегі алғашқы зерттеу емес. Өткен жылы дәл осы топ ғалымдары коронавирустан жазылғандардың 20%-ның психикасы бұзыла бастайды деген қорытындыға жасаған. Жаңа мәліметтерге сәйкес, ауырудан сауыққандардың 34%-ының психикасы бұзылады.
Оқи отырыңыз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-