Қазақстанда 79 мыңнан астам адам екпенің екі компонентін алған.
Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай ерікті вакцинациялау басталды. Содан бері елде 79 мыңнан астам адам екпенің екінші компонентін алған. Яғни, толыққанды вакциналанған. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 60 пайызы вакцина салу қажет. Олар – денсаулығында қарсы көрсеткіштері жоқ, 18 жастан асқан адамдар.
Алексей Цойдың өзі коронавирусқа қарсы екпені көптің көзінше салатынан жеткізді. Ол қазақстандық KazCOVID-in вакцинасының шыққанын күтіп жүргенін мәлімдеді.
"Ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздік мәселелері базасында алғашқы серияны шығарды. Клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша техникалық есептердің дайын болуын күтеміз. Ол сәуірдің соңына дейін дайын болуы керек. Вакцинацияға дайындалып жатырмын және сіздермен бірге қазақстандық вакцинаны салдыруға дайынмын", – деді министр.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырып қалған жағдайда толық емделген жөн. Екінші компонентті жазылған соң, тек алты айдан кейін салғызу қажет. Мамандардың пікірінше, екпенің құрамындағы қандай да бір компонентке аллергиясы, сондай-ақ, ағзасында қарсы көрсетілімдері бар адамдар вакцинацияланбағаны жөн.
Оқи отырыңыз: 8 сәуірден бастап eGov порталы арқылы вакцина салдыруға тіркелуге болады
Ал Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова балаларға екпе салу мәселесіне қатысты жауап берді.
"Балаларға 18 жасқа дейін екпе салынбайды. Ол екпенің қаупі бар деген сөз емес. Халықтың бұл тобындағы адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай әсер ететіні туралы зерттеулер жеткіліксіз. Болашақта вакцина балаларға да қауіпсіз деген зерттеулер пайда болса, оларға екпе салу мәселесі қаралуы мүмкін", – деді Айжан Есмағамбетова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
271
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
329
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
296
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
296
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
303
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
283
-
0
-
0
-