Тікелей эфир

Оқушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға рұқсат берілді. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Арнайы іnformburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Арнайы іnformburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Жаңа жүйе 2018-2019 оқу жылынан бастап іске асырылады.

Қазақстанда 5-ші сыныптан бастап балалар өздеріне ұнайтын пәнді таңдайтын болады. Әрі қарай бұл мамандық таңдауға көмектесуі керек.

Шындығында бейімдеу бастауыш сыныптарда-ақ басталады, алайда тереңдетіп оқыту орта буында іске асырылады. Пәндерді ата-аналар мен балалар өздері таңдай алады. Informburo.kz бұл қандай пән екенін және бұл жаңалықтың оқушыларға қалай көмектесетіні туралы зерттеп көрді.

№1. Мектептердегі оқу бағдарламалары қалай бөлінді?

Бағдарламаны тұрақты және нұсқалы компоненттерге бөлу жүйесі 2018/2019 оқу жылында басталады. Енді оқушыларың ата-аналары балаларына тереңдетіп оқу үшін қосымша пәндерді таңдай алады. Білім министрінің тиісті бұйрығы 2018 жылдың қыркүйегінде шықты.

№2. Тұрақты компонент дегеніміз не?

Таңдалған бағытқа сәйкес оқуға міндетті пәндерден тұрады (табиғи-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық).

№3. Нұсқалы компонент дегеніміз не?

Тереңдетіп оқуға басқа да бірнеше пәнді таңдауға мүмкіндік береді.

5-9 сыныптарда үш пәнді таңдайды: екеуі анықталған пәннен, біреуі қалғандарының біреуінен тұрады.

10-11 сыныптарда тереңдетіп оқуға тағы екі пән (аптасына 2 сағаттан) және біреуін қосымша (аптасына 1 сағат) таңдауға мүмкіндік беріледі.

№4. Бөліністі не үшін енгізді?

Оқу жоспарына жасалған қосымшада мұның оқушыларды ертерек бейімдеу үшін керектігі айтылған. Ол ҰБТ тапсырғанда пән таңдау бойынша оқушыларға міндеттерді жеңілдетуі керек, сондай-ақ оларға болашақ мамандығын барынша дұрыс таңдауға жол ашады.

№5. Жаңа оқу жоспары несімен ерекшеленеді?

Пәндер мен оларды таңдау нұсқасы әр сыныпта әрқалай. Бір оқу жоспары 1-4 сыныптарға, екіншісі 5-9 сыныптарға, ал үшіншісі 10-11 сыныптарға арналып әзірленген. Оқу жоспарында 1-4 сыныптың ата-аналары өз баласына қосымша секциялар таңдай алатыны туралы да жазылған. Секциялар спорттық, сонымен қатар шығармашылық та болуы мүмкін.

5-9 сыныптар үшін пәндерге қосымша тұрақты компонент ретінде ата-аналар нұсқалық компоненттен 3 пән таңдайды. 10-11 сыныптар үшін міндетті және таңдауға арналған пәндер қарастырылған.

№6. 5-9 сынып оқушыларына қандай пәндер оқуға міндетті саналады?

Бұл тұрақты компоненттің пәндері. Тілдік пәндерге аптасына 10-12 сағат бөлінеді:

  • Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, сондай-ақ қазақ тілді оқушыларға арналған шет тілі;
  • Орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, сондай-ақ орыс тілді оқушыларға арналған шет тілі.

Математика мен информатикаға аптасына 4-6 сағат қарастырылған. Бұл сегментке математика (5-6 сыныптар), алгебра (7-9 сыныптар), геометрия (7-9 сыныптар) және информатика (5-9 сыныптар) жатады.

1-4 сағат жаратылыстануға бөлінді: 5-6 сыныптарға арналған жаратылыстану пәні, сонымен қатар 7-9 сыныптарға физика, химия, биология және география.

3-4 сағат "Адам мен қоғам" санатындағы пәндерді оқуға бөлінді. Бұлар – Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, құқық негіздері (9 сыныптарға) және өзін-өзі тану.

1-3 сағат "Технология және өнер" санатына бөлінді: ән және көркемдік еңбек – 5 сыныптарға.

Аптасына екі сағаттан барлық сыныпқа дене-шынықтыруға уақыт беріледі.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Школьникам разрешили выбирать предметы для углублённого изучения. Как это работает?

№7. Орта буында балаларға қандай пәндерді таңдай аласыз?

7 сыныптан бастап ата-аналар өз балаларына 3 пәнді таңдай алады. Оның екеуі қолданыстағы пәндерден, тағы біреуі тұрақты компонеттерден таңдалады.

Пәндердің комбинациясы төмендегідей:

  • Алгебра мен физика;
  • Алгебра мен география;
  • Биология мен химия;
  • Биология мен география;
  • Шет тілі мен Қазақстан тарихы;
  • География мен шет тілі;
  • Қазақстан тарихы мен география;
  • Химия мен физика;
  • Орыс тілі және қазақ тілі мен әдебиеті.

№8. 10-11 сынып оқушылары оқуға міндетті пәндер

Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, шет тілдері жатады. Әр пәнге оқыту тіліне сәйкес аптасына 1 сағаттан 3 сағатқа дейін уақыт бөлінеді.

Сонымен қатар 10 бейінді емес пәндер бар. Бұл технология (аптасына 1 сағат), алгебра және талдау бастамасы (аптасына 3 сағат), геометрия (аптасына 1 сағат), информатика (аптасына 1 сағат), биология (аптасына 1 сағат), география (аптасына 1 сағат), физика (аптасына 1 сағат), химия (аптасына 1 сағат), дене шынықтыру (аптасына 3 сағат), сондай-ақ аптасына 1 сағат алғақшы әскери дайындық пәні.

Табиғи-математикалық бағытқа алгебра және талдау бастамасы (аптасына 3 сағат), геометрия (аптасына 2 сағат), информатика (аптасына 1 сағат), биология (аптасына 2 сағат), география (аптасына 2 сағат), физика (аптасына 3 сағат), сондай-ақ химия (аптасына 2 сағат) сынды пәндер қарастырылған.

Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, шет тілі секілді бейінді емес пәндерге оқыту тіліне сәйкес аптасына 1 сағаттан 4 сағатқа дейін уақыт бөөлінеді. Сонымен қатар Қазақстан тарихы (аптасына екі сағат), дүниежүзі тарихы (аптасына 1 сағат), өзін-өзі тану (аптасына 1 сағат), технология (аптасына 1 сағат), дене шынықтыру (аптасына 3 сағат), алғашқы әскери дайындық (аптасына 1 сағат), сондай-ақ адам, қоғам, құқық (аптасына 1 сағат).

№9. 10-11 сынып оқушыларына таңдауға арналған пәндер

Тереңдетіп оқуға екі пән таңдау керек – оларға аптасына екі сағаттан беріледі. Физика, химия, биология және география пәндерін таңдауға болады.

Сонымен қатар стандартты оқу пәндерінің арасынан тағы бір пән таңдау керек (аптасына сағат). Бұл дүниежүзі тарихы, бизнес және кәсіпкерлік негіздері, графика мен жобалау немесе құқық негіздері пәндерінің бірі болуы мүмкін.

№10. Не себепті бұл жүйе 11 сыныптық мектептерге ғана негізделген?

ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйенің 12 сыныптық мектепке қалай енгізілетіні туралы мәселе шешіліп жатырғаны туралы хабарлады.

Әзірге мәселе шешімін тапқан жоқ.

№11. Пәндерді таңдау қажеттілігінен бас тартуға бола ма?

ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйеден бас тартуға болмайтынын түсіндірді. Оқу бағдарламасы оқушылар өтуі тиіс анықталған сағаттардан тұрады. Бұлай болмағанда оқылған орта білім бағдарламасы толық емес болып табылады деп хабарлады министрліктен.

№12. Жүйе өзге елдерде қалай жұмыс істейді?

АҚШ-тың жекеменшік мектептерінде оқушылар негізгі пәндерге қосымша бірнеше пән таңдай алады. Сонымен бірге балалар ата-аналарымен бірге ол пәндерді оқуға аптасына қанша сағат бөлетінін де өздері таңдайды.

Канаданың мемлекеттік және жекеменшік мектептерінің оқушылары жоғарғы 10-13 сыныптарда ғана пәнді өздері таңдайды. Тағы бірнеше пәнді күрделіленген бағдарлама бойынша (The advanced placement program) оқуға мүмкіндік беріледі. Таңдалған пәндер бойынша алған жақсы бағалары ЖОО-на түсуде басымдық береді.

Сингапур, Таиланд, Филиппин елдерінің мектептерінің орта сыныптарында пәндерді гуманитарлық және математикалық бағыттарға бөліп тастаған. Олардың әрқайсының өз пәндері бар. Оқушылар қосымша спортпен немесе компьютерлік курспен айналысу мүмкіндігін таңдайды. Тіл курстарына ерекше орын берілген.

Украина мектептерінде балалар тереңдетіп оқуға бірнеше пәнді таңдай алады. Бұлар негізінен сырттай тәуелсіз бағалауға (Қазақстандық ҰБТ-мен пара-пар) қажетті пәндердің ішінен таңдалады.

Авторы Ербол Қазистаев.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары