Тікелей эфир

Нотариус қызметін қалай тегін пайдалануға болады?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Мұндай жеңілдік мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасының біріне жасалады.

Салық кодексінің 617-бабының 4-тармақшасына сәйкес, мүгедек балалардың ата-анасының бірі барлық нотариалдық қызметтің ақысын төлеуден босатылады.

Нотариус – нотариалдық қызмет көрсететін, яғни түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыратын тұлға. Бұл қызметті жоғары заңтану білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс істеген Қазақстан азаматы атқара алады. Нотариус арнайы біліктілік емтиханын тапсырады және нотариалдық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиясы болуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Еңбекақыдан жеке табыс салығын төлемеу үшін не істеу керек?

Нотариусқа қатысты барлық қызметтер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" №155 заңымен реттеледі.

Нотариалдық қызметтерді тек:

  • мемлекеттік және жеке нотариустар;
  • жергілікті билік органдарының уәкілетті тұлғалары;
  • консулдар көрсете алады.

Нотариус қызметі үшін алынатын ақы мемлекеттік баж арқылы бекітіледі. Осы қызмет ақысын төлеуде мүгедек баланың ата-анасына жеңілдік бар. Ол үшін бұл санаттағы тұлғалар осы жеңілдікке негіз болатын келесі құжаттарды нотариусқа ұсынуы керек:

  • ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
  • мүгедек баланың туу туралы куәлігі;
  • мүгедектік туралы анықтама.

Ескеретін жайт – мүгедек баланың ата-анасының бірі тек өзіне және баласына қатысты нотариалдық қызметтің ақысын төлеуден босатылады.

Серіктестер жаңалықтары