Ақын, журналист Жүрсін Ерман "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын иеленді, деп хабарлады Қазақстан жазушылар одағы.
Жүрсін Ерман – қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері
Жазушылар одағының мәліметінше, бұған дейін, яғни 2023 жылдан бастап "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) алған болатын.
Ал 1984-1999 жылдар аралығында "Қазақстанның халық жазушысы" атағына 17 жазушы ие болды. Олардың қатарына Қадыр Мырза Әли, Зейнолла Қабдолов, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов және басқалар бар.
Еске салайық, 24 жыл үзілістен соң "Қазақстанның халық жазушысы" атағы 2023 жылдан бастап қайта беріле бастады.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07

