Тікелей эфир

24 жыл үзілістен соң "Қазақстанның халық жазушысы" атағы қайта беріледі

Бұл атаққа бұған дейін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанғандар үміткер бола алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда "Қазақстанның халық жазушысы" атағын қайтару тапсырмасы аясында Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. 

"Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және (немесе) әдебиет саласындағы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі" делінген Үкімет қаулысының жобасында. 

Еске салайық, "Қазақстанның халық жазушысы", "Қазақстанның халық әртісі", "Қазақстанның халық ақыны" атақтарын беру 1994 жылдан бастап тоқтатылып, олардың орнына "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы тағайындалды. 1984-1999 жылдар аралығында "Қазақстанның халық жазушысы" атағына 17 жазушы ие болды. Олардың қатарына Қадыр Мырза Әли, Зейнолла Қабдолов, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов және басқалар бар. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мемлекеттік ең жоғарғы қанша марапат бар? Кімдерге, қалай беріледі?


"Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағының төсбелгісінің сипаттамасы төмендегідей:

  • "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы төсбелгісінің диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.
  • Төсбелгінің беткі жағында кітап пен қауырсынның суреті бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде төсбелгі шеңбері бойымен "Қазақстанның халық жазушысы" деген жазу орналасқан. 
  • Төменгі бөліктің артқы жағында лазерлік нақыштау арқылы нөмірді жазуға арналған орын бар. 
  • Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған ені 20 мм тағанмен жалғанған. 
  • Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.
  • Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы. Төсбелгінің шеттері ернеумен жиектелген.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары