Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын практикалық емтихан сынақтарын өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған ішкі істер министрі бұйрығының жобасынан белгілі болды.
Емтихан сынақтарынан "Жылан" және "Үдеткіш жолақ" жаттығуларын мүлде алып тастау жоспарланып отыр. Министрліктің түсіндіруінше, бұл жаттығу түрлері кең аумақты қажет етеді. Сәйкесінше, бұл жаттығуларды алып тастау арқылы жаңа автодромдар салуға қажетті артық шығындарды қысқартуға мүмкіндік берілмек.
Оқи отырыңыз: Көлік жүргізушілерін даярлау орталықтары "Автомектеп" ақпараттық жүйесіне тіркеледі
Жаңа өзгертулер қабылданған жағдайда талапкерлер жүргізуші куәлігін алу үшін келесі сынақ түрлерін тапсырады (қара түспен белгіленгендер – жаңа жаттығу түрлері):
"A", "A1" санаттары:
- "Старт";
- "Габаритті дәліз";
- "Реттелетін қиылыстың өтуі";
- "Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту";
- "Габаритті жарты шеңбер";
- "Тік көтерілу және түсу";
- "Габаритті сегіздік";
- "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту";
- "Қалыптасқан жол";
- "Мәре".
("Екпін алу – тежеу", "Жылан", "Төмен жылдамдықпен басқару" жаттығулары алынып тасталды).
"B", "В1", "C", "С1", "D", "D1" санаттары:
- "Старт";
- "Тік көтерілу және түсу";
- "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту";
- "Реттелмейтін қиылыстағы бұрылыстар";
- "Бұрылу және тұраққа қою";
- "Артқы жүріспен паралель қою";
- "Реттелетін қиылыстан өту";
- "Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту";
- "Авариялық аялдау";
- "Мәре".
("Аялдау және өрге қарай орнынан қозғалу", "Жаяу жүргінші өтпесінен өту", "90 градусқа бұрылу", "Жылан", "Екпін алу жолағы" жаттығулары алынып тасталды).
Оқи отырыңыз: Жүргізуші куәлігін алу үшін медтексеру кезінде флюорографиядан өту енді міндетті емес
"BE", "CE", "С1Е", "DE", "D1E" санаттары:
- "Старт";
- "Артқы жүріспен платформаға қою";
- "Платформадан жол учаскесіне шығу";
- "Артқы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу";
- "Мәре".
("Алдыңғы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу" жаттығуы алынып тасталды).
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 10 шілдеге дейін.