Жүргізуші куәлігін алу үшін медтексеру кезінде флюорографиядан өту енді міндетті емес

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды

Денсаулық сақтау министрінің бұйырғымен көлік жүргізушілерді медициналық тексерудің тәртібіне өзгерістер енгізілді.

"Денсаулық сақтау министрілігінің Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы №38 бұйрығы жарияланды. Жаңа тәртіп бойынша көлік тізгіндеушілер флюорографиядан өту міндетінен босатылатын болды. "Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру терапевтің, осы қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мамандардың тексеруін, психобелсенді заттарды пайдалану тұрғысынан биологиялық ортаны зерттеуді қамтиды", – деп жазылған бұйрықта.

Яғни, комиссия құрамына терапевт, окулист, оториноларинголог, медициналық психологы, психиатр, нарколог дәрігерлер кіреді. Сондай-ақ, көлік жүргізуіге рұқсат беру туралы анықтама берудің де тәртібі өзгертілді.


Оқи отырыңыз: Полиция жүргізуші куәлігін талап етсе, не істеу керек?


Құжаттарды қабылдау және медициналық тексеруден өткені туралы анықтама беру медициналық ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Егер медициналық тексерудің қорытындысы теріс болса, құқық беру туралы анықтама берілмейтіні бұйрықта нақты жазылған. Ол үшін бас тарту хатына медициналық тексеру жүргізген мекеме басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылуы тиіс.


Оқи отырыңыз: Көлікті кімдер және қалай тегін тіркей алады?


Заңнама бойынша, жүргізуші куәлігін алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке басты куәландыратын құжат; медициналық тексеру нәтижелері (медициналық анықтама); мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлемді растайтын құжат (мемлекеттік баж 3 мың теңге шамасында). Бұйрық Әділет министрлігінде 12 мамырда № 22747 нөмірімен тіркелді.

Серіктестер жаңалықтары