Тікелей эфир

Жұмыссыз әйелдерге арналған "IT-әйел" бағдарламасы іске қосылды

Арнайы сабақтар онлайн өтеді. Сондықтан оған бала күтімімен үйде отырған аналар да қатыса алады.

Жұмыссыз әйелдердің "IT-әйел" бағдарламасы арқылы білім алуына мүмкіндік бар. Бұл туралы 24.kz хабарлады

"Астана хаб" басқарушы директоры Алина Әбдірахманованың айтуынша, елімізде жоғары білімді, еңбекке жарамды әйелдердің 34 пайызы жұмыс істемейді.

Ал аталмыш жоба аясында олар компьютерді пайдалану, уеб-сайттар мен түрлі қосымшаны жасап шығаруға арналған курстардан өте алады. Арнайы сабақтар онлайн өтеді. Сондықтан оған бала күтімімен үйде отырған аналар да қатыса алады. Бүгінде бұл жобаның игілігін жеті мыңнан астам әйел көріп отыр.

"Бағдарлама Қазақстандағы әйелдерді дамытуға бағытталған. Кез келген әйел, тек қана айти саласы бойынша білім алып қана қоймайды. Сол арқылы үйден шықпай-ақ табыс табуға мүмкіндігі бар. Нәзік жандарға барлық жағдай жасалған. Тек көрем, білем, қатысам деген ниет болса, сол жеткілікті", – деді Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары