Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жұлдыз Сүлейменованы оқу-ағарту министрі қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Тарих" факультеті бакалавриатын, "Философия және саясаттану" факультетінің магистратурасын және PhD докторантурасын тәмамдаған. Тарихшы-ұстаз, философия және саясаттану магистрі, мәдениеттану PhD докторы.
2025 жылғы 29 қыркүйекте оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Ерлан Ақкенженов энергетика министрі қызметінде қалды
Мәди Такиев Қаржы министрі болып қайта тағайындалды