Ерлан Ақкенженов энергетика министрі қызметінде қалды

Ерлан Ақкенженов
Ерлан Ақкенженов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ақкенженовті энергетика министрі қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін, "Астана" университетін тәмамдаған. 2022 жылға дейін мұнай-газ саласындағы жеке компанияларда жұмыс істеген, кейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Мұнай өнімдерін маркетинг басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау