Президент Мәди Такиевті Қаржы министрі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Мәди такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алған.
Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін жалғастырады
Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметінде қалды