№109/110 "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша жолаушылар теміржол қатынасы қайта жанданып, пойызға Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсетуде, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған бағыт бойынша бұған дейін "Otpan Logistik" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсетіп келген. Вагондардың техникалық жай-күйіне қатысты халық тарапынан көптеген шағымдар түсуіне байланысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды жаңарту жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына орай компаниямен жасалған келісімшарт бұзылды.
Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалы Ұлттық тасымалдаушы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ құрамындағы пойыздармен жүзеге асырылуда. Пойыз отандық өндірісте шығарылған жаңа жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етілген.
Пойыз құрамында 5 купе және 6 плацкарт вагоны бар. Бір бағыттағы жалпы сыйымдылығы 400-ден астам жолаушыны құрайды.
Вагондар қауіпсіздік және жайлылық бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Купе вагондары эргономикалық орындармен, жеке жарықдиодты шамдармен, USB-порттармен және электр розеткаларымен жабдықталған. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы купелер, мүгедектер арбасын орналастыруға арналған орындар және жолсерікті шақыру түймесі қарастырылған.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы жүзеге асыратын жолаушылар тасымалы клинингке, жылжымалы құрамның техникалық жай-күйіне және қызмет көрсету деңгейіне қойылатын бірыңғай сапа стандарттарына сәйкес атқарылады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету және жолаушылар паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
lw-3094948329-1
USD:
509.5 / 516.5
EUR:
592.0 / 602.0
RUB:
6.09 / 6.39

