Тікелей эфир

Жол ақысын төлей алмаған жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп шығарып жіберген жүргізуші жазаланады

Жол ақысын төлей алмаған жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп шығарып жіберген жүргізуші айыппұл арқалауы мүмкін.

Мұндай жағдайда қоғамдық көлікті тізгіндейтіндер алдымен полицияға хабар беруі тиіс. Сосын тәртіп сақшылары жеткіншектің отбасылық жағдайын тексереді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Билетсіз жүретін жолаушылардың ұлғаюына жол бермейді деп есептеймін. Жүргізушілердің жауапкершілігі қарастырылғанмен, мәжбүрлеп шығара алмайды. Мұндай жағдайда жүргізуші полиция органдарын және қамқоршылық қорғаншылық органдарын шақыруы керек. Олармен бірлесіп неге жасөспірім балалар мұндай жағдайға тап болғанын анықтайды. Зерделейді", – деді ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешов.


Оқи отырыңыз: Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы өседі


Ал тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жандар енді жәбір көрсеткен адамға кешірім бере алмайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңнің қайта туындамасына ешкім кепілдік бере алмайды, сондықтан полиция даудың басын анықтау сипатына көп көңіл бөлмек. Егер маскүнемдік, нашақорлық сияқты жат әдеттерге тәуелді болса – жағдайына лайық психолоигиялық-медициналық көмек көрсетіледі. Бұл уақытта сот шешімімен ерлі -зайыптылардың уақытша бөлек тұруларына тура келеді. Жасөспірімдерге де зорлық-зомбылық көрсету қатаң жазаланады.

 

Серіктестер жаңалықтары