Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстанда дербес деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жөнінде бастама көтерді.
Бұл ұсынысты бүгін Үкімет отырысында ЖИ вице-министрі Ростислав Коняшкин хабарлады.
"Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада "нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз», – деді Ростислав Коняшкин.
Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керектігін айтты.
USD:
506.1 / 509.1
EUR:
592.5 / 596.5
RUB:
6.43 / 6.55

