Бүгін, 2026 жылдың 6 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордадан хабарлады.
"Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы 2026 жылғы 06 қаңтардағы Жарлық: Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында:
2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", – деп жазылған президенттің жарлығында.
Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43