Тікелей эфир

Жаңа "10-20-20" ипотекасы: Негізгі шарттары қандай?

Аталған бағдарлама бойынша үш бас қалада ғана 35 млн теңгеге дейін қарыз беріледі.

Қазақстанда жаңа "12-20-20" ипотека бағдарламасы іске қосылды. Krisha.kz сарапшылары осы ипотека бағдарламасымен әртүрлі бағадағы тұрғын үйді сатып алуы үшін қазақстандықтардың қанша қаражаты болуы керегін есептеп көрді. 

Бағдарламаның шарттары:

  • бастапқы жарна – 20 пайыздан басталады;
  • қарыздың ең жоғары сомасы – астана, Алматы, Шымкент қалаларында 35 млн теңгеге дейін;
  • қалған өңірлерде – 25 млн теңгеге дейін;
  • қарыз алушы үшін жылдық мөлшерлеме – 11-12%;
  • несие мерзімі – 20 жылға дейін.

Сайт бағасы әртүрлі пәтерлерді мысалға ала отырып, оның әрқайсысын сатып алу үшін қанша қаражат қажет болатынын есептеп көрді. 

1. Пәтер бағасы – 43 млн 750 мың теңге.

Аталған бағдарлама бойынша сатып алуға болатын ең қымбат объекті осы болмақ. 

  • ипотека – 35 млн теңге;
  • алғашқы жарна – 8,7 млн теңге;
  • ай сайынғы төлем – 385,4 мың теңге;
  • алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 101,2 млн теңге;
  • үстінен төлейтін сома – 57,5 млн теңге;
  • отбасының ортақ табысы – 770 мың теңгеден кем емес.

Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы


2. Пәтер бағасы – 35 млн теңге. 

  • ипотека – 28 млн теңге;
  • алғашқы жарна – 7 млн теңге;
  • ай сайынғы төлем – 308 мың теңге;
  • алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 81 млн теңге;
  • үстінен төлейтін сома – 46 млн теңге;
  • отбасының ортақ табысы – 617 мың теңге. 

3. Пәтер бағасы – 27 млн теңге.

  • ипотека – 21,6 млн теңге;
  • алғашқы жарна – 5,4 млн теңге;
  • ай сайынғы төлем – 238 мың теңге;
  • алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 63 млн теңге;
  • үстінен қосып төлейтін сома – 35 млн теңге;
  • отбасының ортақ табысы – 476 мың теңге.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда пайызы төмен "жасыл" ипотека ашылады 


4. Пәтер бағасы – 20 млн теңге.

  • ипотека – 16 млн теңге;
  • алғашқы жарна – 4 млн теңге;
  • ай сайынғы төлем – 176 мың теңге;
  • алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 46 млн теңге;
  • үстінен қосып төлейтін сома – 26 млн теңге;
  • отбасының ортақ табысы – 352 мың теңге. 

Бұл бағдарлама бойынша тек бірінші нарықтағы пәтерді сатып алуға болады:

  • салынып жатқан тұрғын үйден (құрылысты салушы компанияның кепілдік қорында кепілдігі болса);
  • өтінім бергенге дейін кемінде жарты жыл бұрын тапсырылған дайын үйден.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары