Ләззат Ибрагимованың айтуынша, аталған ипотека түріне сұраныс бар.
"Жасыл ипотека" клиенттері төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен энергиялық тиімді пәтерлерді сатып алуға қарыз ала алады, деп мәлімдеді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. Бұл туралы ол тұрақты қаржыландыру құралдарына арналған ECOJER халықаралық конгресінің панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы барлық үй шаруашылығының жалпы шығыстарынан жылу энергиясына арналған шығыстардың үлесі 3 пайыздан аспайды. Демек азаматтарды тұрғын үйдің энергия тиімділігін арттыруға және ресурстарды үнемдеуге ешнәрсе ынталандырмайды. Халықты ынталандыру қажет.

"Яғни бастапқыда энергиясы тиімді тұрғын үйде тұратындарға басымдық беретін мүмкіндіктер мен ресурстар құру қажет. Бұл жерде "жасыл ипотека" үшін үлкен әлеует бар. Біз қазір тиісті жоба әзірлеп, есептеулер жүргізіп жатырмыз", – деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
"Отбасы банк" АҚ басшысы бірінші кезеңде жаңа ипотекалық өнім халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстары есебінен іске асырылуы мүмкін екенін атап өтті. Екінші кезеңде – мамандандырылған облигациялар шығару арқылы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
244
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
223
-
0
-
3
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
205
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
213
-
0
-
3
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
202
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
201
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
192
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
176
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
161
-
1
-
0
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
152
-
0
-
0
-