Республикалық жекеменшік мектептер қауымдастығы Білім министрлігіне өтініш білдірді.
Көптеген мемлекетте зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде 12 жасқа дейін балалардың әртүрлі тілді меңгере алатыны белгілі болды. Мысалы, Италия, Испания, Франция және Швейцарияда көптеген кантонға бөлінеді және тұрғындары әртүрлі тілді қатар меңгерген, деп мәлімдеді жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрайымы Роза Садықова. Бұл туралы ол Atameken Business арнасына берген сұхбатында айтты.
Осы орайда, қауымдастық төрайымы Қазақстанның жекеменшік мектептерінде ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту мүмкіндігін қалдыру керегін алға тартты.
"Мен республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрайымы болғандықтан, осы қауымдастықтың барлық мүшесінің пікірін жеткіземін. Біз бастапқы сыныптарда ағылшын тілін алып тастауға немесе оны бірте-бірте енгізуге түбегейлі қарсымыз. Өйткені, жекеменшік мектептерге келетін ата-аналардың өзіндік сұранысы бар", – деді Роза Садықова.
Оқи отырыңыз: Apple қазақ тіліндегі жаңа iOS жүйесін таныстырды
Ары қарай қауымдастық төрайымы реформа жасаған кезде жекеменшік мектептерді мемлекеттік мектептерден бөліп қарастыруды сұрады.
"Реформа бола берсін және ол бізге қатысты болмаса екен дейміз. Ата-аналардың бірі ағылшын тілін тереңдетіп оқытқанды қаласа, енді екіншілері қазақ не орыс тіліне басымдық берілгенін жөн көреді. Көптеген мемлекетте анализ жасап, нәтижесінде балалардың 12 жасқа дейін үйренген барлық тілде сөйлеп кету мүмкіндігінің бар екені белгілі болды. Италия, Испания, Франция және Швейцарияда көптеген кантонға бөлінеді және осы мемлекет тұрғындары әртүрлі тілді меңгерген", – деді Роза Садықова.
Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің экс-ректоры, профессор Ескендір Бейсембетов өз кезегінде мұндай өзгерістің кадр тапшылығына байланысты енгізіліп жатқанын айтты.
Оқи отырыңыз: Білім министрі: Ата-анаға баласының жаман қылықтарын ғана айта берудің қажеті жоқ
"... Бірнеше жыл бұрын үш тілділікті талап етті. Үш тілді педагогтер әртүрлі тілде білім беретін ұстаздарды қажетсінетін жерде керек. Әр жүйенің өз шектеуі бар екенін түсінгеніміз жөн. Ешбір жүйеде алдын ала дайындықсыз қорды екі немесе үш есе көтере алмайсыз. Меніңше, кадр мәселесі жүйеде өте өзекті болып тұр", – деп түсіндірді Ескендір Бейсембетов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
328
-
1
-
4
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
322
-
0
-
1
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
295
-
0
-
4
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
283
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
285
-
0
-
1
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
286
-
0
-
1
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
274
-
0
-
1
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
269
-
0
-
1
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
270
-
0
-
1
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
279
-
0
-
1
-