Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаслан Мәдиев аталған қызметке алғаш рет 2025 жылғы 29 қыркүйекте тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, сондай-ақ Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері қызметтерін атқарды.
28 тамызда Құрылтай құрамының сайлануына байланысты Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. 31 тамызда Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті Премьер-министр қызметіне қайта тағайындады.
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары болып қайта тағайындалды