Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
Ол 2025 жылғы 8 маусымнан бері осы министрлікті басқарып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі етіп қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Бұған дейін Дәурен Қосанов 2025 жылғы 8 маусымда қорғаныс министрі болып тағайындалған еді. 

1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.

Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау