Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары болып қайта тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев
Ғалымжан Қойшыбаев
Ол Үкімет аппаратының басшысы қызметін қоса атқарады.

Президент Ғалымжан Қойшыбаевты премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.

2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып  тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау