Тікелей эфир

Жаңаөзенде мұнайшылар бас көтерді: олардың талабы қандай

"Өзенмұнайгаз" өкілдері жұмысшылармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

12 қарашада Жаңаөзенде "Бұрғылау жұмыстары басқармасының" жұмысшылары өндірісті тоқтатып, митингке шықты.

Мұнайшылар штатқа компанияның зейнеткерлерінің балаларын, сонымен қатар өндірісте денсаулығынан айырылған қызметкерлердің балаларын қосуды талап етеді. Сонымен қатар олар жалақы және жұмыссыздық мәселесін шешу қажеттігін мәлімдеді.

Бұл талаптар басшылыққа жеті ай бұрын айтылған, бірақ әзірге жағдай өзгерген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MANGYSTAU TODAY (@mangystau.today)

"Басшылық кәсіпорын қызметкерлерімен келіссөздер жүргізеді. Талаптардың әр тармағы мұқият қарастырылады. Барлығы құқықтық салада және заңнамалық деңгейде, оның ішінде Еңбек Кодексі шеңберінде шешілуге тиіс. Келіссөздер қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беріледі", – делінген"Өзенмұнайгаз" мәлімдемесінде.

Жаңаөзендіктер әлеуметтік желідегі басылымдарға жазған пікірлерінде "Бұрғылау жұмыстары басқармасында" негізінен мұнайшылардың балаларын жұмысқа қабылдайтынын жазған. Тұрғындар мамандардың жұмысқа тұруы қиынға соғатынына наразы.

Серіктестер жаңалықтары