USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жаңа талап: енді көшеде қараусыз қалған электросамокаттар тәркіленеді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматыда мопедтер мен самокаттар бақылауға алынады.

Алматыда электросамокаттар мен мопедтердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жаңа шаралар аясында көшеде қараусыз қалдырылған электросамокаттар полиция тарапынан тәркіленетін болады. Құқық қорғау органдары бұл бастама бизнеске қысым емес, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов бұл мәселе кикшеринг компаниялары мен жеткізу қызметтері өкілдерімен өткен кездесуде талқыланғанын мәлімдеді.

Ведомствоаралық жұмыс тобы құрамына әкімдік, прокуратура, депутаттық корпус, кикшеринг компаниялары, жеткізу қызметтері және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері кіреді.

Жұмыс тобы қазіргі жағдайды жан-жақты талдап, электросамокаттар, электр велосипедтер, мопедтер және курьерлік қызметтердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді ұсыныстар әзірлемек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз