Тұрғын жанармай құю бекеттерінде автогаздың тапшы екенін шағымданды.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі жанармай құю бекеттерінде автогаз тапшылығы себебін түсіндірді. Айтуынша, дәл қазір облысқа теміржол жүк көлігімен 38 вагон-цистернамен 1 368 тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтілді.
"Жамбыл облысының құрметті әкімі Нұржан Нұржігітов. Сізге Тараз қаласы мен Жамбыл облысының жанармай құю станцияларында автогаз тапшы болғандықтан жүгініп отырмын. Желтоқсан айында да газ тапшылығы болды. 2023 жылғы 4 қаңтарда барлық жанармай құю бекетінде жағдай қайталанып отыр. Кей бекеттерде бар, бірақ ол жерде тек талонмен құюға болады. Сізден Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы автогаз мәселесін шешіп, жауап беруіңізді сұраймын", – деп сұрады өңір тұрғыны Дәулет Темірғалиұлы Ашық диалог порталында.
Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының деректері бойынша, облыста 30 газ желісі жұмыс істейді. 212 автогаз құю станциясы арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады, оның 124-і Тараз қаласында орналасқан.
Оқи отырыңыз: "Ұзын-сонар кезек": Атырау облысында сұйытылған газ тапшы
Облыс әкімі кей жанармай құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының талонмен сатылуы газ қондырғыларымен жабдықталған автомобильдер санының артуымен байланысты екенін айтты. Бүгінде олардың саны 13 600-ден асып артылады.
"ҚР энергетика министрлігі 2023 жылғы қаңтарда Жамбыл облысына 5 316 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді (оның ішінде ПКОП зауытынан – 1 067 тонна, "Ақтөбемұнайгаз СНПС" зауытынан – 4 249 тонна). Сонымен қатар, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС қорынан қараша айында – 288 тонна, желтоқсанда – 1 013 тонна қосымша ТМД көлемі бөлінді. Айта кету керек, облыста теміржол көлігінің локомотив тартымының уақтылы берілмеуіне байланысты сұйытылған мұнай газын жеткізуде кідірістер туындады. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің жедел деректері бойынша өңірде осы газды жеткізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді Нұржан Нұржігітов.
Мұнымен қатар, ол облысқа теміржол жүк көлігімен 38 вагон-цистернадан 1 368 тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтілгенін мәлімдеді. (СНПС зауытынан – 36 вагон-цистерна ––1296 тонна, ТШО зауытынан – 2 вагон-цистерна – 72 тонна).
Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов: Бензин мен дизель басқа тауарлар ретінде сыртқа шығарылған
"Бұл вагондар жақын арада жеткізіліп, жанармай құю станциялары арасында таратылады. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 392,1 тонна сұйытылған мұнай газының қалдықтары бар. Бұл жағдай үнемі бақылауда", – деді Нұржан Нұржігітов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
461
-
0
-
2
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
466
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
418
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
410
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
440
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
366
-
1
-
3
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
388
-
4
-
4
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
364
-
0
-
5
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
367
-
4
-
3
-
-
10🗓 7 – 11 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
352
-
0
-
3
-