Жамбыл облысы Түрксіб станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
"24 сәуірде сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл вагондар жеке меншіктің вагондары. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, апат салдарын жою үшін Тараз және Шу станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жіберілген.
Қазіргі уақытта оқиға неден болғаны тексеріліп жатыр.
USD:
461.7 / 464.5
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.01 / 6.13