Тікелей эфир

Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап сатып пайда тапқандар ұсталды

Екі күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысында зират қоршауларын сатумен айналысып келген 33 және 34 жастағы екі азамат қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz

Салалық басылымның хабарлауынша, олар 26 қазанда Тұрар Рысқұлов ауданындағы зираттан темір ұрлау кезінде қолға түскен. Дегенмен, олар бұған дейін Талас ауданы маңындағы зираттың да қоршауын ұрлағаны белгілі болды. Сондай-ақ, күдіктілердің өзге осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоғы қазір анықталып жатыр. 


Оқи отырыңыз: 


Күдіктілердің бірі Жамбыл ауданының, екіншісі Байзақ ауданының тұрғыны. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары