USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Жамбыл облысында тағы 5 балдық жер сілкінісі болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

28 наурыз күні күндіз Жамбыл облысы Меркі ауданында тағы 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де жер сілкінісін тіркеді.

"Дүмпу Жамбыл облысында тіркелді. Болжамды қарқындылық анықталып жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан", – делінген хабарламада.

Жамбыл облысының Меркі ауданында жер дүмпуінің қуаты 5 балл, Құлан ауылында 4,4 балл, Шу қаласында 2 балл, Төле би, Сарыкемер ауылдарында 2,5 балл болған.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау