
Зардап шеккендер мен қираған үй-жай туралы ақпарат түспеген.
Қазақстанның сейсмологтары жұма, 28 наурыз күні сағат таңғы 3:42-де Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде жер сілкінісінің күші 5-тен 2 балға дейін сезілген.
Атап айтқанда, Меркі ауылында – 5 балл, Құлан ауылында – 4 балл. Шу және Тараз қалаларында, сонымен қатар Төле би, Сарыкемер, Қордай, Аса және Мойынқұм ауылдарында 2 балдық дүмпулер сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған үй-жай туралы ақпарат түспеген.