Тікелей эфир

Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидия: Кімдер және қандай шарттармен ала алады

Субсидия жалдау ақысының 50 пайызы құрайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жеке тұрғын үй қорынан алынған пәтерді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібін әзірлеп, жария талқыға ұсынды. 

Ережеде пәтерді жалдау ақысын субсидиялау қалай жүзеге асатыны баяндалған. Түсіндірейік. 

Кім төлейді?

Субсидия ай сайынғы жалдау ақысының 50 пайызын құрайды және ел бюджетінен (80 пайызы – республикалық бюджеттен, 20 пайызы – жергілікті бюджеттен) төленеді. 


Оқи отырыңыз: "Нұрлы жермен" жалға берілген пәтерді қалай жекешелендіруге болады


Субсидияға кімдердің құқы бар?

Ережеде субсидия кімдерге төленетіні айқын жазылған, олар – әлеуметтік осал топқа жататындар, атап айтқанда: 

  • І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

Субсидия алатын отбасылар келесі талаптарға сай болуы керек: 

  • ҚР азаматтығы;
  • тұрғын үйге мұқтаж ретінде Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында есепте тұру;
  • отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы. 

2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге тең. Сәйкесінше, отбасында 5 адам (екі ата-ана және үш бала) болса, олардың бір айдағы жалпы табысы 217 035 теңгеден аспауы тиіс.


Оқи отырыңыз: Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналады. Үкімет қаулысының жобасы талқыға ұсынылды


Жалдамалы пәтердің ауданы да рөл ойнайды

Пәтердің жалдау ақысын субсидиялауда оның ауданы да ескеріледі. Егер пәтер ауданы төмендегі көрсеткіштерден үлкен болса, айырмасын пәтер жалдаушы өзі төлеуі тиіс: 

  • отбасында 1-3 адам – 40 шаршы метрден артық емес;
  • отбасында 4-5 адам – 60 шаршы метрден артық емес;
  • отбасында 6 адам және одан көп – 80 шаршы метрден артық емес.
Серіктестер жаңалықтары