Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттен сатып алу құқығынсыз жалға алған пәтерлерді жекешелендіру мүмкіндігін беру мақсатында бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ал тұрғын үй саясатын реформалау туралы негізгі заңнама президентке қол қою үшін жолданған.
Ашық НҚА порталындағы құжат жазбасында Құрылыс министрлігі жекешелендіру тетігі бойынша түсініктеме берген. Оған сүйенсек, қазақстандықтар сатып алу құқығынсыз жалға алған пәтерін енді қалдық құны бойынша сатып ала алады:
"Мысалы, 2019 жылы пәтер құны 8 млн теңге болса, 5 жылдан кейін жалға алушылар оны 7,2 млн теңгеге сатып ала алады".
Министрлік мәліметінше, 2017 жылдан бастап "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 51 мың пәтер салынып, берілген. Мұндай пәтерлерді ондаған мың отбасы жалдап тұрады.
Еске салайық, 30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын қабылдады.
Оқи отырыңыз:
- Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналады. Үкімет қаулысының жобасы талқыға ұсынылды
- 2024 жыл соңына дейін қалай баспана алуға болады? Тұрғын үй бағдарламаларына шолу